- Негізгі бет
- Сымбат
- Лактың ғұмырын ұзартайық...
Лактың ғұмырын ұзартайық
Маникюр жасауға кей кездері сағаттап уақыт кететіні әр аруға белгілі. Сол еңбекті зая кетірмей, лактың тырнақта сақталу уақытын қалай ұзартса болады?
- Лак тырнақта ұзағырақ сақталуы үшін, одан бұрын арнайы түссіз лак сияқты сұйықтықты жағыңыз. Лактың үстінен де қорғаныс қабаты ретінде түссіз лакты жағуды ұмытпаңыз. Қорғаныс лакты күнде жаңартып тұрсаңыз, маникюрдің ғұмыры ұзара түседі.
- Тым қалың қабатты лак ұзақ кеуіп, кепкенше бүлініп кетуі мүмкін. Сондай-ақ қалың жағылған лак кепкеннен кейін қабыршақтанып түсуі мүмкін. Түстің қанық болғанын қаласаңыз, лакты бірнеше қабат, әбден кептіріп қана жағыңыз.
- Маникюрдің үшінші қабаты - оны бұзудың бірден-бір жолы.
- Лакты тырнақтың ортасынан бастап жағыңыз.
- Лак бірнеше минутта кеуіп қалады, алайда толықтай қатуы келесі 12 сағатта болады. Сондықтан тырнақ бояғаннан кейін үй жұмысы, ыдыс жууды қалдыра тұрыңыз.
- Маникюрді ұйқының алдында жасасаңыз, тырнаққа арналған май жағып, көрпеден қалатын іздерден сақтаныңыз.
- Лак жақпас бұрын, тырнағыңыздың таза, майлы емес, шаң-тозаңсыз екеніне көз жеткізіңіз. Тырнағыңыз таза болса да, оны алдын ала лак кетіретін сұйықтықпен сүртіңіз.
- Тырнағыңыз онсыз да жұқа, жұмсақ, әлсіз болса, лак дұрыс жағылмайды. Сондықтан тырнақтарыңыздың жағдайын жақсарту шараларын қолға алыңыз.
- Лак беті тегіс тырнаққа жақсырақ жатады. Тырнақты арнайы тегістейтін егеуішті қолданып, тырнақты түзулесеңіз болады. Алайда бұл дауаны айына бір реттен жиірек жасамаңыз, ол тырнақтың зақымдануына әкеледі.
- Жалпы лак ұзаққа сақталсын десеңіз, оны қараңғы, салқын жерде сақтаңыз. Қолданар алдында лакты шайқамаңыз, ол лактың ауамен араласуына әкеледі. Одан да оны алақандарыңыздың арасына уқалаңыз. Лакты қолданып болған соң, аузын қағаз сулығымен сүртуді әдетке айналдырыңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: womanshine.net
С. А