Маникюр шеберлерінің көпшілігі клиенттерге тырнақ пішініне сәйкес келетін лак реңкін ұсына бермейді. Олар маникюрді тек клиенттің қалауы бойынша ғана жасайды. Нәтижесінде маникюріңіз ойлағандай көрінбеуі мүмкін. Тырнақ пішінінің әр түріне жарасатын лак түстеріне тоқталайық. Қысқа әрі төртбұрышты Қара, қою көк және жасыл түстерді таңдамаған жөн. Мұндай тырнақ пішінін нәзіктеу етіп көрсету үшін кез келген металл әдістері мен реңктерін таңдаңыз. Оларға қою нюдтіден алқызылға дейінгі түстер жатады. Қысқа әрі сопақша Қою, қанық, флуоресценттік немесе классикалық қызыл реңктер таңдауға болады. Мұндай тырнақ пішініне тек нюд түсті лак таңдамаған жөн, себебі ол терімен бір түс болып кетеді. Ұзын әрі жіңішке Ұзын әрі жіңішке тырнақта классикалық нюдті немесе қызыл маникюр әдемі және нәзік көрінеді. Ал айрықша сары немесе қою күлгін түспен тырнақтарыңыз біртүрлі көрінеді. Ұзын әрі жалпақ Мұндай тырнақ пішініне лак түсі қаншалықты қараңғылау болса, соншалықты жақсы көрінеді. Әсіресе, қою қызыл мен қараөрік түс ерекше әдемі көрінеді. Ашық әрі перламутр лактардан бас тартыңыз, себебі олар тырнақты одан сайын жалпақ етіп көрсетеді. Қысқа әрі негізден түбіне қарай кеңейе түскен тырнақ пішіні Қанық, алайда алабажақ емес түстер таңдаңыз. Лак жағарда тырнақтың ортаңғы бөлігіне мән беріңіз. Ал сыртқы бұрыштарын қатты білінбейтін етіп, боямай қоюға болады.