- Негізгі бет
- Сымбат
- Қызыл далаптың 4...
Қызыл далаптың 4 қағидасы
«Қыздың көзі қызылда» демекші, егер стиліңізге қызыл далапты қоспақ ниетте болсаңыз, мына ережелерді қадағалауды ұмытпаңыз.
1. Қызыл далаптан басқа бетіңіздегі өзге бояу көзге түсетіндей болмауы тиіс. Тек кішкене көзіңізді айқындап қойсаңыз болады. Бірақ сонда да көзіңіздің макияжы ерніңізбен бәсекеге түспеуі керек.
2. Қызыл далап жаққан соң, бетіңізді де тегістеп бояуыңыз керек. Алайда бетіңізге көп мөлшерде косметика жағып тастаудың қажеті жоқ, ең дұрысы – бетіңіздің табиғи сау түсі.
3. Ерінді жиі бояп тұру керек болады. Еріндегі далап өшіп қалмауын қадағалап, әр мезет сайын айнаға қарап отыру керек.
4. Қоңырқай түсті ашық-қызыл далап тістің ақтығын айқындап тұрады, ал сарғыштау қызыл – керісінше сарғайтып тұрады. Осыны ұмытпаңыз.
Айтпақшы, адам миы қызыл түске бірден назар аударуға бейім дегенді ғалымдар дәлелдеген екен. Сонымен қатар ғылыми тәжірибелер қызыл түс 60% адамды баурап алады дегенді көрсетіпті. Сондықтан өзіңізге біреу болмаса, біреудің назарын аударатыныңызға сенімді болыңыз.
Сурет: asiams.net
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina