Косметика пайда болғаннан бері біраз уақыт өтті. Кәсіби мэйк ап жасауды қазір тек сән дизайнерлері, сәнбикелер мен эстрада жұлдыздары ғана емес, кез келген қыз-келіншек үйрене алады. Нәзік жандының макияжына қарап, оның мінез-құлқын тануға болады.
1. Қыздардың далапты жиі пайдалануы мінезінің тұйықтығын білдіреді. Ондай адамдар өзі жайлы артық ештеңе айтпайды. Жақын достары да ол туралы көп нәрседен бейхабар болуы мүмкін.
2. Егер қыз бала ашық, қарақат түсті сүрмені пайдаланып, көзін ашық көрсетуге тырысса, өзіне деген назардың мол болуын қалайды. Сыртқы келбетіне, сұлулығына емес, ішкі жан дүниесіне қарап, тануын тілейді.
3. Қыздардың тоналды кремді бірнеше қабат етіп жағуының себебі терінің жиі бұзылуынан емес. Психологиялық тұрғыдан қарағанда, тоналды кремді мол жағатын қыздар өзінің өткенін бүркемелеп, жұрттың көзінен жасырын ұстағысы келеді. Өзгелер оны сүттен ақ, судан таза деп ойлауын қалайды.
4. Бетке арналған далап жағу (румяна) қырықтан асқан әйелдерге ғана жарасымды. Алайда далапты жиі қолданатын жас қыз-келіншектер бар. Олар өзін кәрі сезінетіндіктен не «ешкімге ұнамаймын» деп ойлайтындықтан, екі бетіне далап жағуы мүмкін.
5. Тек қасын бояйтын қыздар ер мінезді келеді. Қалың, қара қас ерлерге ғана жарасады. Қасын тым қалың етіп бояйтын қыздар өзінің мықтылығын, билігін айқындағысы келеді.
6. Егер қыз баланың беті тап-таза, еш бояусыз болса, демек ол психологиялық тұрғыда тұрақты адам. Еш комплексі жоқ, адамдар мен қоршаған ортаға махаббаты шексіз, өмірден ләззат алуға тырысып жүреді.
Міне, макияж бен оны қабылдау психологиясы жайлы азды-кем ақпарат беруге тырыстық. Өз парақшаңызда достарыңызбен бөлісіңіз!