Қыздардың қандай ерекшеліктері жігіттердің назарын аударады?

Қыздардың қандай ерекшеліктері жігіттердің назарын аударады?

Адам жаны қашан да әдемілікке құмар. Әсіресе, әйел табиғаты  ерекше сұлу, нәзік болып келеді.


Қыздың сымбатын сипаттайтын «аршын төс», «алма мойын», «құмырсқа бел», «бура сан» сынды тіркестер тілімізде аз емес. Мұның өзі қыз сұлулығының тағы бір қыры оның дене бітімінде екенін айғақтай түседі. «Жігіттердің көбі бірінші кезекте қыздың түр-келбеті мен дене бітіміне мән береді» деген ой қыздар арасында стереотип ретінде қалыптасып кеткен. Статистика мәліметтері бойынша, жігіттердің елу пайызы үшін дене бітімі келіскен қыздың салмағы маңызды емес екен. Бұл жігіттердің қыз сымбатына ерекше мән беретінін көрсетеді. Дегенмен жігіттер назар аударатын басқа да ерекшеліктер бар.


Шаш. Жігіттердің көпшілік бөлігіне қысқа шашты қыздар ұнамайды. Олар қыз шашының  таза, ұзын, әрі өзіне жарасымды болып тұрғанын қалайды.

Түзу иық. Жігіттер жүріске де мән береді. Иықты үнемі түзу ұстап, басты көтеріп жүру қажет. Бұл қыздардың  өзіне деген сенімділігін көрсетеді.

Дұрыс киіну. Қыздардың әдемі киінгені дұрыс. Бұл міндетті түрде қымбат киіну керек деген сөз емес, ең бастысы, қарапайым болса да өз дене бітіміне сай киім таңдай білу. Сондай-ақ, аяқ киім таңдауды да назардан тыс қалдырмау қажет. Жігіттерге қыздардың көбінесе биік өкшелі аяқ киім кигені ұнайды.

Күлкі. «Қызға қарқылдап күлудің қажеті жоқ, жігіттерге оның жымиғаны да жеткілікті». Дауысты қатты шығарып күлу сүйкімсіз әрі дөрекі көрінеді.

Дегенмен, жігіттер көзі емес, көңілі ұнатқан қызды таңдайды. Бірінші кезекте жігіттер қыздардың дене сымбатына, түр-келбетіне мән бергенімен, жүре келе тән мен жан сұлулығының үйлесім тапқанын қалайды.

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: fashiony.ru, k-pop.ru

Г. Бакытбекова