- Негізгі бет
- Сымбат
- Қыздардың жігіттер ұнатпайтын...
Қыздардың жігіттер ұнатпайтын шаш үлгісі
Қыз бала өзіне сенімді болса, кез келген шаш үлгісін жасап-ақ құлпырып жүре береді. Бірақ жігіттердің нәзік жандылар шаш үлгісіне деген көзқарасы ерекше, және шаштараздың эксперименттеріне түсіністікпен қарайтындар кемде-кем.
Өздеріңіз білетіндей, қыздар өзгерісті жақсы көреді және көбіне сол өзгеріс шаш үлгісін өзгертуден басталады. Шаштаразға келген соң, қыздардың эмоцияға беріліп, сол сәтте-ақ шешім қабылдап тастайтын ерекше қасиеті бар. Мұндай жағдайда нәтиже қандай боларын елестету қиын. Алайда егер сіз жігітке әсер етудің амалын қарастырмақ болсаңыз, ойланып әрекет еткеніңіз жөн болар. Өйткені креативті шаш үлгісіне сүйіктіңіздің көзқарасы мүлде бөлек болуы мүмкін.
Сонымен қыздардың қандай шаш үлгілері жігіттерге ұнамайды екен?
Маллет. Шаш алдынан және жанынан қысқартылып қиылған, ал арты ұзын болып келетін бұл шаш үлгісі бейнеңізді мысқылшыл, ерекше еткенімен, жігіттерге ұнай қоюы екіталай екен. Олардың пікірінше, мұндай шаш үлгісіндегі қыз 80-жылдардағы байкер қыздарға ұқсайды.
Дредтер. Дред шаш үлгісі иесінің шығармашыл адам екенін айқындап, күнделікті шаш тарау мен оны қалыпқа келтіруге уақытты үнемдейді. Алайда жігіттерге мұндай шаш үлгісі олпы-солпы, таза емес көрінеді екен. Әрине, егер өзінде мұндай шаш үлгісі болмаса.
Қысқа шаш. Қысқа шаш үлгісін сәнге Одри Хепберн енгізген еді. Бірақ әрбір әйел Одри сияқты талдырмаш, нәзік емес қой? Ұзын жіңішке мойынды және бет сүйегі өткір қыздардың бейнесін мұндай шаш үлгісі ашып тұрғанымен жігіттер егжей-тегжейін анықтап жатпайды. Олардың айтуынша мұндай шаш үлгісі қыздарға тән емес.
Пэйджбой (паж). Көзге дейін түсетін кекілі бар ықшамды тегіс каре, әдетте өткен ғасырдың 20-жылдары өмір сүрген әйелдердің бейнесіне сәйкес келеді. Бірақ еркектердің ойынша, шаш ұзынырақ болса және кекіл көзге дейін түспесе қыз бейнесі сәл биязылау болар еді.
Сурет: dom-lady.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina