- Негізгі бет
- Сымбат
- Қыздар қыста неге...
Қыздар қыста неге салмақ қосады?
Ұлыбритания ғалымдары қыс мезгілінде қыздар не себепті еркінсіп, артық салмақ қосатынын және өздеріне тиісті деңгейде көңіл бөлмейтінін анықтады.
Мамандар 2000 әйел мен ер адамды сауалнамаға тартып, кең ауқымды зерттеу жүргізген. Нәтижесінде әйелдердің 60%-ы қыс мезгілінде түрлі күрделі диетадан бас тартып, жаттығу жасамайтынын, көп уақытын теледидар алдында зиянды тағам жеп өткізетіндерін мойындаған.
Нәзік жандылардың мұндай әрекетін қарапайым себептермен түсіндіруге болады. Өйткені қысқы қалың киім дене бітімінің кез келген кемшілігін жасырып тұрады-мыс.
Сонымен қыз-келіншектер эпиляция жасауды сиретіп, бақайларының тырнағын боямайтындарын да айтып қойды. Себебі қыста денеңді сырт көзден қалың киім қорғап тұрады.
Мамандар арнайы зерттеу жүргізіп, қыздардың жылына бір рет, яғни қыста, бұлай еркінсуінің құпиясын ашты: Қыста қысқа уақытқа созылатын жарық мезгіл әйелдерді тез шаршатып, өз-өзіне тиісті деңгейде көңіл бөлуге мүмкіндік бермейді екен.
Дереккөз: NUR.KZ
С. Ерсін