- Негізгі бет
- Сымбат
- Қыстағы қол терісі...
Қыстағы қол терісі күтімі
Қыста қол терісі ұқыпты күтімді қажет етеді: ол беттегіге қарағанда бірнеше есе жұқа, ылғалды нашар ұстайды және қоршаған ортаның жағымсыз әсеріне көбірек тап болады. Төмен температура мен құрғақ ауа – терінің ерте қартаюына ықпал етеді. Сондықтан жылдың суық мерзімінде тері қарқынды қоректенуді және ылғалдандыруды қажет етеді.
- Жылыту ғимарат ішіндегі ауаны құрғатады, сондықтан күні бойы әсіресе, ыдыс жуып болған соң теріңіз тартылып тұрғандай сезім болады. Ол кезде сізге әрдайым қалтаңызға салып жүруге болатын шағын крем қажет. Мұндай кезге кремнің өте майлы емес, жылдам сіңетін жеңіл түрін таңдаңыз;
- Көпшілік үй жинауға тұрмыстық химия қолданады. Үй жинауға да, ыдыс жууға да міндетті түрде қолғап киіңіз;
- Қол терісі қыста да зиянды ультракүлгін сәулесіне тап болуы мүмкін, сондықтан әрдайым SPF-қорғанышы бар крем қолданған жөн;
- Қыста ағзаға жиі дәрумендер мен микроэлементтер жетіспейді. Тамақтану мәзіріңізді дұрыстап, кей жағдайда дәрігердің кеңесімен дәрумендер жинағын ішкен артық етпейді;
- Жуынғаннан кейін қол терісі ылғалдандыруды қажет етеді. Кремді далаға шықпас бұрын 30-40 минут бұрын жаққан жөн. Крем теріге сіңіп үлгеру керек;
- Далада жүргенде қолғап киіп жүріңіз. Температура сізге жайлы болып көрінгенімен, ол теріңізге әсер етпейді деген сөз емес;
- Өзіңізбен бірге шағын крем ұстап жүріңіз;
- Аптасына бір рет қолға арналған жылы ванна жасаңыз. Суға теңіз тұзы мен 1 ас қасық май (кокос, зәйтүн, ши) қосуға болады.
- Әр әйелде қол терісі күтіміне арналған бірнеше құрал болуы керек: ұйықтар алдында жағатын майлы крем және күні бойы қолданатын жеңіл крем.
А. Жапатова