- Негізгі бет
- Сымбат
- Қыстағы аяқ күтімі...
Қыстағы аяқ күтімі
Қыста жабық аяқ киім киетіндіктен, аяқтарымызды ешкім көрмейді-ау деп оған қажетті күтім көрсетпейміз. Көктемде аяқтарыңыздың жағдайынан шошымайын десеңіз, қазірден бастап аяққа көңіл бөліп, "қыстық" күтім көрсетіңіз.
- Қыстық аяқ киімді мұқият таңдаңыз. Ол ыңғайлы, аяқты қыспайтын болуы керек. Сонда аяғыңыз да зақымданбайды.
- Аяқ киіміңіз табиғи былғарыдан болмаса, табиғи материалдан жасалған ұлтарақ салып не мақталы шұлық киіңіз. Табиғи маталар теріңізге дем алуға мүмкіндік беріп, артық терлетпейді.
- Қыста аяқтарыңыз шамадан артық терлейтін болса, аяқтарыңызды суық сумен шаюды әдетке айналдырыңыз. Ол аяқтың терлегенін басады.
- Суға түскен сайын кеуектаспен аяқты қырып жүріңіз. Оның алдында 5-10 минут аяқты суға жібітуді ұмытпаңыз. Осылайша аяқ терісін зақымдаулардан сақтайсыз.
- Осындай дауадан кейін аяққа құрамында Е дәрумені бар крем жағыңыз. Ол теріні сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен сақтайды.
- Педикюр жасағанда ерекше мұқият болыңыз.
- Апта сайын аяққа арналған маскалар жасап тұрыңыз. Мысалға құрамында Е дәрумені бар косметикалық майды аяққа жағып, сыртынан шұлық киіп жатыңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: dourody.pl
С. А