Теріміз жұмсақ болып қалып, сымбаттылығы мен саулығын сақтау үшін түрлі қымбат кремдер, косметикалық құралдар қолданамыз. Бірақ күнделікті қолданатын қарапайым сабынның түрлі кремдерден де әсері көп екенін білесіз бе? Әсіресе қыста, тері құрғап, зақымданатын кезде сабынды дұрыс таңдау маңызды мәселеге айналады.
Әрине басты талап сабынның табиғи болуы. Табиғи негізде жасалған сабын жуынуға арналған косметикалық гельдерден де жақсы теріні тазартады. Ал түрлі химиялық қосылыстар жоқтығы оның сапасын бірден көтереді. Жақсы сабын құрамында арзан кокос, пальма майларының орнына жақсы манго, жожоба, ши майлары қолданады. Әрине осының арқасында сабынның теріге әсері жақсара түседі.
Табиғи сабындар жоғары ылғалдылыққа төзімді болмайды, сондықтан оны қолданып болғаннан кейін бір шайып, кептіріп, құрғақ жабық ыдысқа салған дұрыс. Ал қолдан жасалған сабынды әр кез пергамент қағазына орап жүріңіз.
Жалпы, жақсы сабын теріні душқа арналған гельден де жақсы тазарта алады. Қыста жуынуға сабын алып, жөке қолданбай-ақ қойған дұрыс. Бұл кезде тері онсыз да құрғақ болады. Жаңғақ не кофе, сабын түйірі қосылған сабын жуынғанда теріні керемет тазартады.
Қыста құрамында антибактериалды заттар бар сабынды аптасына 1 рет қана қолданыңыз. Әрине мұндай сабын пайдалы – ол микробтарды өлтіреді, бірақ сонымен қатар терінің микрофлорасын бұзып, теріні құрғатып жібере алады.
Сұйық сабын соңғы кезде қоғамдық орындарда да, қарапайым үйлерде де көп қолданылатын болды. Бірақ сұйық сабында қарапайым сабынға қарағанда құрамында жасанды заттар көбірек. Ондағы химиялық қосылыстар теріні зақымдай алады.
Терілері сезімтал арулар медициналық, дерматологиялық сабын таңдағандары дұрыс. Нәзік теріні тыныштандыру үшін мұндай сабында петролат пен глицерин атты заттар болады. Олар теріні жұмсартып, құрғақ теріні қалпына келтіреді.
Сонымен қыста жуынуға арналған гельдерден бас тартып, барынша табиғи, қолдан жасалған сабын алғаныңыз жөн.
Тақырып бойынша:
Сабын не гель. Қайсысымен жуынған дұрыс?
Сұйық сабын пайдаланасыз ба?
Душқа арналған гель VS сабын
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: izhevsk.ru