Далада "минус" температурасы болса да, күн сәулелерінен күнделікті қорғаныс жайлы ұмытпаңыз. Назарларыңызда қыста болса да, күннен қорғануға 4 себеп.
Күннің көзі жылытпайды, алайда бұл оның қауіпсіз екендігіне кепіл бермейді. Айта кетсек, күн сәулесінен жаман әсер алу үшін далада өткен 10 минут та жеткілікті. Күн әсерінен теріңіз ерте қартаюы мүмкін. Күннің астында мүлдем жүрмейсіз делік. Алайда күннің қарға, мұзға шағылысып, тіпті әйнектен сіз отырған көлікке не ғимараттың терезесінен бетіңізге түсуі мүмкін. Осындай жағдайларда сіз күннің әсеріне тап болуыңыз мүмкін. SPF көрсеткіші бар крем әжімдердің пайда болуынан сақтайды, тері ауруларының алдын алып, қан тамырларына зақымдануға бермейді. Сондай-ақ күннен қорғаныс косметиканың құрамына теріні тыныштандыратын, безеулер мен аллергиядан сақтайтын компоненттер кіреді. Егер де сіз күнделікті мэйк-ап жағатын болсаңыз, қалың қабат реңк беруші крем теріні күннен қорғай алады деп ойламаңыз. Теріңіз біркелкі, тегіс болу үшін SPF көрсеткіші бар реңк беруші крем не ВВ-крем алып қойыңыз.Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: flickr.com