- Негізгі бет
- Сымбат
- Қыста да күннен...
Қыста да күннен қорғану керек
Далада "минус" температурасы болса да, күн сәулелерінен күнделікті қорғаныс жайлы ұмытпаңыз. Назарларыңызда қыста болса да, күннен қорғануға 4 себеп.
- Күннің көзі жылытпайды, алайда бұл оның қауіпсіз екендігіне кепіл бермейді. Айта кетсек, күн сәулесінен жаман әсер алу үшін далада өткен 10 минут та жеткілікті. Күн әсерінен теріңіз ерте қартаюы мүмкін.
- Күннің астында мүлдем жүрмейсіз делік. Алайда күннің қарға, мұзға шағылысып, тіпті әйнектен сіз отырған көлікке не ғимараттың терезесінен бетіңізге түсуі мүмкін. Осындай жағдайларда сіз күннің әсеріне тап болуыңыз мүмкін.
- SPF көрсеткіші бар крем әжімдердің пайда болуынан сақтайды, тері ауруларының алдын алып, қан тамырларына зақымдануға бермейді. Сондай-ақ күннен қорғаныс косметиканың құрамына теріні тыныштандыратын, безеулер мен аллергиядан сақтайтын компоненттер кіреді.
- Егер де сіз күнделікті мэйк-ап жағатын болсаңыз, қалың қабат реңк беруші крем теріні күннен қорғай алады деп ойламаңыз. Теріңіз біркелкі, тегіс болу үшін SPF көрсеткіші бар реңк беруші крем не ВВ-крем алып қойыңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: flickr.com
С. А