Қыс - диеталар ұмытылып, артық салмақ жинап алатын кез. Мерекелік дастархандардың мінсіз келбетіңізді бұзуына жол бермеңіз.
Көгілдір ыдыстан тамақтаныңыз. Психологтардың айтуынша, қызыл, сары түстер адамның тәбетін ашып тұрады. Ал көк және көгілдір түстер керісінше сізді артық тамақ жеп қоюдан сақтайды. Ас үйіңіздегі бірнеше көгілдір тәрелке еш артық етпейді. Үлкен қасықтар қолданыңыз. Қасық, шанышқыларыңыз мейлінше үлкен болсын. Олармен тамақты көбірек жеймін деп ойлайсыз ба? Жоқ, керісінше. Ғалымдардың зерттеулері үлкен қасықпен тамақ ішкендер басқаларға қарағанда 10%-ға кем жейтінін көрсетті. Тұздықтардан бас тартыңыз. Диетолог мамандардың айтуынша, күнделікті тұздық жейтіндер күніне артық 100 калорий қабылдап, жылына артық 4,5 кг салмақты жинайды екен. Кофені шаймен алмастырыңыз. Күнделікті кофе ішетіндерге қатысты статистика былай дейді: кофеден бас тарту арқылы сіз жылына 54750 калорийден арыласыз. Жылына 7 кг болатын бұл шама айтарлықтай үлкен. Интуицияны іске қосыңыз. Диетологтардың тағы да бір ашқан жаңалығы өзіңіздің ішкі дауысыңызға сеніп, дәл қазір қалап тұрған тамақ түрін жеуге кеңес береді. Ағза өзіне жетіспеген заттар бар тағамды іштей сезініп тұрады. Және осылайша сіз ағзаңызға тапшы заттарды білетін боласыз. Мысалы тәттісүйгіштерге қосымша энергия күші керек болады. Жаяу қыдырыңыз. Жапон ғылымдарының зерттеулері бойынша, тамақ ішкеннен кейін дереу 30 минуттық серуенге шығуды әдетке айналдырғандар басқаларға қарағанда әлдеқайда оңай әрі тез арықтайды екен. Асты сұйық тамақтан не салаттан бастаңыз. Көкөніс сорпасы не салат жалпы денсаулыққа пайдалы екеніне қоса, артық тамақ жеп қоюдан сақтайды екен. Дұрыс тамақтануды ұстанатын жандар басқаларға қарағанда 20%-ға кем тамақ жеп тояды-мыс. Әрине олардың артық салмақ жинау мүмкіндігі де азаяды. Тамаққа отырар алдында су ішіңіз. Диетологтардың айтуынша, қарапайым бірнеше стақан су диета мен жаттығулардан артығырақ арықтауға көмектесе алады. Тамақ жеуге 30 минут қалғанда су ішсеңіз, асты 13%-ға кем жейді екенсіз. 80% ережесін ұстаныңыз. Бұл диетаның шарттары мынадай: рационыңыздың 80%-ы пайдалы тамақ түрлерінен тұрса, 20%-ы пайдалы емес болса болады. Сондай-ақ тәбетіңіз қалаған тағамның 80%-ына ғана тоюыңыз тиіс. Стреске жол бермеңіз. Арықтауға басты кедергі күнделікті стрестер болуы мүмкін. Кортизол атты стресс гормоны артық тамаққа тәбетіңізді ашып, стресті тамақпен тыныштандырғысы келеді. Оның шамасын төмендету үшін күнделікті тыныс алу жаттығуларын жасаңыз.Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: stile.it