Қысқы маникюр

Қысқы маникюр
Фото: marigold-nails.blogspot.com

Күн суыта бастағаннан, тырнақ күтіміне ерекше мән берген жөн. Қолға арналған крем не майды күнделікті жағып тұрыңыз. Тырнақты ғана емес, қол терісін де суықтан, желден қорғау үшін қолға қолғап киіп жүрген абзал. Қыс мезгілінде жаздық жарқын маникюрді жасай алмайсыз, алайда қыста пайдаланатын, көңіл-күй көтерер ашық түсті лактар бар. Тек оны үйлестіре алсаңыз болғаны. 

Скандинавиялық маникюр

Қызыл түсті маникюр — нағыз классика. Қай мезгілде қолдансаңыз да оғаш емес. Алайда қыс мезгілінде қанық қызыл түсті таңдағаныңыз жөн. Өз қалауыңыз бойынша түрлі өрнектер салсаңыз да болады. Егер тырнағыңызға бұғы суретін салар болсаңыз жаңа жылға дайынмын деп есептей беріңіз.

«Тоқыма» маникюрі

Бұл маникюр түрін  қыс мезгілінің тренді деп айтуға болады. Үстіңізге тоқылған жемпір киген болсаңыз, тіптен жараса кетеді. Күнделікті басқа да киімдермен үйлесе беретінін ескеріңіз.

«Қар ұшқыны» маникюрі

Мұны қыстың қай күні болмасын тырнағыңызға жасап жүруге болады. Тіпті жаңа жыл күні де.

3D-маникюр 

Бұл маникюр түрін «суық күн» маникюрі деп те атайды. 

«Айна» маникюрі

Салтанатты кештерге барарда, қаласаңыз «Айна» маникюрін таңдаңыз. Тырнақтың бұл сәні тек мерекелік шараларда ғана емес, жай күндері де қолданылады.

«Кәмпит» маникюрі

Бұл ерекше көңіл күй сыйлай алатын маникюрлердің бірі. Күнделікті өмірде жағуға болады.

 «Кішкене шырша» маникюрі

Бәріміз жаңа жылға ерте дайындалатынымыз белгілі. Тырнағыңыз да мейрамға сай көңіл күй сыйласын десеңіз, «кішкене шырша» маникюрін жасаңыз.

«Ғаламшар»  маникюрі

Қыстың кез келген күнінде жағып жүруге болады. Сонымен қатар әсем кештерге де үйлесе кетеді.

Н. Үсенова