Суық жел, көшедегі ылғалдылық және үй-жайдағы құрғақ ауа олардың барлығы жылдың суық мерзіміндегі сұлулық жаулары. Олармен күресу қиын емес, бастысы қажетті құралдарды алып, сұлулықтың қысқы күтіміне көшу керек. Су негізіндегі құралдардан бас тартыңыз. Қыста тері проблемасы болмас үшін су негізіндегі ылғалдандырушы кремдерден бас тартыңыз. Олардың орнына майлы және консистенциясы тығызырақ құрал таңдаңыз. Кремді үйден шығар алдында жарты сағат бұрын жағыңыз. Сол кезде ол жақсы сіңіп, теріні қорғайтын барьер жасайды. Теріні қатты тазартуға ынта салмаңыз. Жуунуға жұмсақ косметикалық сүт немесе көбік қолданыңыз. Ал скраб пен пилингті көп қолданбаңыз. Суық мезгілде пилингті екі аптада бір рет қолданғанның өзі жарайды. Ерінге күтім жасаңыз. Үйден сыртқа шығарда ерінге міндетті түрде гигиеналық далап жағып шығыңыз. Ерін терісі өте жіңішке болғандықтан, аяз бен желдің әсерінен жарылады және ерін ұштарында жарықтар пайда болады. Қолға арналған крем қолданыңыз. Қыста қолдың терісін қорғау үішн қолғап киген жөн. Сонымен қатар, әр қол жуған сайын қоректендіруші крем жағыңыз. Бас киім киіп жүріңіз. Қыста шашты қорғайтын ең керемт құрал бас киім. Суық ауа райында бас киімсіз жүрсеңіз, шаштарыңыз сынғыш бола түседі және түсе бастауы мүмкін. Далаға шығарда бас жуудан бас тартыңыз. Оның орнына көктем келгенше құрғақ сусабын қолдана тұрыңыз. Шарфқа демалмаңыз. Бетіңізді қалың шарфпен қатты бүркеп алуға болмайды. Аязды күні шарф сіңірген бу бірден мұзға айналып, сіз сол мүзды сүзбеден өткен ауамен тыныс аласыз. Соның себебінен бет терісі және ерін жарылады. Сонымен қатар, тамағыңыз да ауыруы мүмкін.