Қыпша белге жету оңай!

Қыпша белге жету оңай!

Тез арада қыпша белге жету үшін алға қарай көп еңкейетін спорт түрі немесе айналма қозғалысы көп би түрін таңдағаныңыз жөн. Әсіресе классикалық балет және гимнастикамен айналыссаңыз, тіптен жақсы. Әлбетте майды кетіруге көмектесетін кардиожаттығуларсыз да болмайды. Ол үшін күніне бір сағат жүзсеңіз де болады.

Қыпша белге қол жеткізу үшін - бұралыңыз!

Отырып бұралу
Айналғыш орындыққа отырыңыз. Аяқтарыңызды дұрыстап қойып алыңыз – жаттығу жасап жатқанда олар қозғалмауы тиіс. Екі қолыңызды созыңыз, еденге параллель тұрсын. Денеңізді оңға, солға қарай қозғалтыңыз. Назарыңызды оң жақта және сол жақта бір нүктеге кезекпен бағыттаңыз. Әрбір жасаған сайын қаттырақ, ұзағырақ бұрылуға тырысыңыз. Аптасына 3 рет әр жаққа 30 бұрылыс жасап тұрыңыз. Біртіндеп бұл санды қосып отыруға болады.

Тұрып бұралу
Аяқтарыңызды иықтарыңыздың бойына қойып, тік тұрыңыз. Қолдарыңызды басыңыздың артына бүгіп алыңыз. Ішіңізді тартыңыз. Кейін оң тізеңіз бен сол шынтағыңыз біріктіріңіз, 2-3 секундтай тұрыңыз да, қайта қалпына келіңіз. Басқа аяқ, шынтағыңызбен де солай істеңіз. Бастапқыда екі рет әр жаққа 20 реттен жасаңыз. Кейін жаттығу санын көбейтсеңіз болады.

Жатып бұралу
Шалқаңыздан жатыңыз, аяқтарыңызды түзу қойыңыз. Қолдарыңызды бүгіп, алақаныңыз жерге қарап тұратындай жерге қойыңыз. Кейін оң аяғыңызды бүгіңіз де сол аяғыңызды үстімен тізеңізді жерге тигізіңіз. Басқа аяғыңызбен де солай істеңіз. Бастапқыда екі рет әр жаққа 20 реттен жасаңыз. Кейін жаттығу санын көбейтсеңіз болады.

Тамақтану
Алкогольден, дүкендегі жартылайфабрикаттардан, өнеркәсіптік жолмен дайындалған дайын астардан бас тартыңыз. Майлы, сүрленген, тіпті пісірілген тағамдарға «жоқ» деңіз! Осы бастан сіздің тұтынатын тағамдарыңыз көп қуырылмаған, ал тоңазытқышта соус, кетчуп, майонез мүлдем болмағаны дұрыс. Сіздің таңдауыңыз: көкөністер мен жемістер, бұқтырылып пісірілген тағамдар, балық, тауық еті мен табиғи йогурт және көкөніс салаттары болу керек.

Сурет: ewomans.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina