- Негізгі бет
- Сымбат
- Күзгі зиянды әдеттер...
Күзгі зиянды әдеттер
Күзде өзгеретін тек терезе ар жағындағы көрініс қана емес. Біздің «күзгі әдеттеріміз» де оянады және олардың барлығы бірдей пайдалы емес. Ол қандай әдеттер?
Аяқ астынан ақша жұмсай беру
Күз басталғанда көпшіліктің көңіл күйі түседі. Сондықтан кей адамдар дүкеннен бірдеңелер сатып алу арқылы көңілін көтеруге тырысады. Алайда ол жиі аса қажет емес заттар болады. Бұл кезде олар өздерін шынымен де бақытты сезінеді. Бірақ біраздан соң қалтасында жалақысы қалмағанын түсініп, қайтадан көңіл күйі түседі.
Адамдардан оқшаулану
Кей адамдар күздің келуімен достарымен немесе туыстарымен араласқысы келмей, үйде жата бергісі келеді. Олар демалыс күндері тек дүкенге тамақ алуға шығады.
Мұңды әндер тыңдау
Әр адамның ұялы телефонында бір мұңды ән сақтаулы тұрған шығар. Кейде, әсіресе, күзде адамдар осындай мұңды ән тыңдағанды жақсы көреді. Кей адамдар мұндай әндер тыңдап, тіпті, жылап та алады. Алайда ода тұрған ештеңе жоқ. Бастысы, уақытында тоқтай білу. Егер тоқтай алмасаңыз, үнемі мұңды немесе қайғылы контент іздесеңіз, маманға қаралған дұрыс. Бұл депрессияның бір белгісі болуы мүмкін.
Сериал қарап, тамақ жей беру
Күзде көпшілік үйден шықпай, сериал қарап, зиянды тіскебасарлар жей бергісі келеді. Бұл жоспар қаншалықты ұнап тұрса да, оған берілудің қажеті жоқ.
Күзгі зиянды әдеттерден арылуға көмектесетін кеңестер:
1. Тонбауға тырысыңыз. Сыртқа шығарда ауа райына сай киінуге тырысыңыз және саунаға жиі барыңыз. Бұл психикалық та, физикалық та денсаулыққа пайдалы.
2. Жазға қарағанда белсенді спорт түрімен айналысыңыз.
3. Қанша ұйықтағыңыз келсе, сонша ұйықтаңыз. Мысалы, жазда көпшілік таңертең өте ерте оянып алады. Сол секілді әр мезгілге ағза өзінше бейімделеді. Егер ұйқыңыз келсе, өзіңізге ұйықтауға мүмкіндік беріңіз.
4. Ашық түсті киімдер киіңіз. Ашық түсті киімдер көңіл күйді көтеруге көмектеседі.
5. Жазғы әсерлер мен саяхаттан соң үй жылулығынан рахат алатын кез келді. Мүмкіндігінше, достарыңызбен үйде кездесіңіз. Шамдар жағып, қажетті атмосфера жасаңыз. Күз энергияны жұмсайтын емес, жинайтын кез.
А. Жапатова