Күзгі маникюрға үлгі іздеп жүргендеріңізге арналған жазба.
Күзгі сәннен қалмайтын сары, қоңыр, қою қызыл түстерге күзгі детальдарды қоссаңыз, классикалық үлгіден сізді даралап тұрады. Күзгі детальға жаңбыр, сары жапырақ, қолшатыр секілді таңдасаңыз болады.
Фольгамен тырнақ сәндеу – күзгі маникюрдің әдемі үлгісі. Тек ұқыпты әрі фон түсін дұрыс таңдау керек.
2020 жылдың күзгі маусымында маникюрді түрлі түсті етіп жасау сәнге айналғалы тұр. Бастысы, бір реңктегі түстерді таңдаған дұрыс. Қою және ашық түстерді араластырудың қажеті жоқ. Мысалы, сары, сарғыш, алтын түс, сары қызыл мен қою қызылға ауысқан реңк ұтымды көрінеді.