- Негізгі бет
- Сымбат
- Күздегі шаш күтімі...
Күздегі шаш күтімі
Күз - ақындар өлеңге қосқан, табиғатының сұлулығымен ерекшеленетін мезгіл. Алайда бұл маусым шаш саулығына онша жақсы әсер етпейді. Керісінше шаш жүдеп, түсіп, сиректене бастайды. Себебі не?
Себебі күлкі мен ойынға толы шырайлы жазда. Демалысқа барғанда ыстық күннің астында бас киімсіз жүрген боларсыз. Амал қанша, енді шашты емдеуге кірісейік.
Шаштың ұштануы
Ең оңай шешім - ұштанған шаштарды қырқып тастау. Алайда одан кейін шашты қоректендіретін сарсу қолданып жүрген жөн. Үй косметикасы жайлы да ұмытпаңыз. Косметикалық майларды, емдік шөптердің қайнатпаларын қолданыңыз.
Шаш жуу
Жазда шашыңыз құрғаған болар. Сондықтан шаштың құрамындағы су балансын қалпына келтіру үшін, арнайы дәрумендерге бай, құрамдас бөліктері табиғи сусабын таңдаңыз.
Маска, бальзам, сарсулар
Бұл косметикалық құралдар шашты қосымша қоректендіріп, күтеді. Аптасына екі рет таза шашқа маска жасауды әдетке айналдырыңыз. Әр шаш жуғаннан кейін бальзам не кондиционер, ал шаш ұштарына сарсу жағып жүріңіз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: ledyblog.ru
С. А