Ыстық күндерінде су шашып ойнауға мүмкіндік берген жаз артта қалып, жауын-шашын, суық жел мезгілі басталды. Осыған байланысты дәл қазір түрлі вируске қарсы тұруға көмектесетін дәрумендер жеуіміз керек. Мұңаю мен тамаққа деген құмарлық тағы бар.
1-ереже: Жеміс пен көкіністі көп жейміз. Аталғандардың құрманды макро және микро пайдалы элементтердің бар екені ешкімге құпия емес шығар. Суық мезгіл болса да, жеміс-жидекті кез келген дүкеннен табуға болады. Ал егер артық ақшаңыз болмаса, аптасына бір стақан тосап ерітілген су ішсеңіз жеткілікті.
2-ереже: Тамақты көп мөлшерде ішпейміз. Әрине, ағзамыз күз бен қыс мезгілінде жазға қарағанда көп тамақты қажет етеді. Мұның себебі де түсінікті. Бірақ қандай жағдай болмасын жатар алдында тамақ ішуге болмайды. Яғни ұйқының алдында, 3-4 сағат бұрын ішуіміз керек.
3-ереже: Денсаулыққа зиянын тигізетін тағамдарды пайдалы аналогтармен алмастырамыз. Әдетте дәмді деген тағамдар денсаулыққа зиянын тигізеді. Егер олардан бас тарта алмасақ, бар болғаны пайдалысын қоса жейік. Мысалы, майонезбен жасалатын салаттарды зәйтүн майы қосылатынымен жеуге, артынша алмастыруға болады.
Сурет: rasion.ru