Күз – өтпелі кезең. Осы кезде денсаулығыңыздың, денеңіз бен теріңіздің жағдайын барынша күтіп, алдағы суық қысқа дайындалу керек. Ол үшін үйде және салонда кейбір дауалар жасауға болады.
Күз табиғат үшін ғана емес, сонымен қатар, біздің ағзамыз үшін де ауыспалы кезең. Бұл кезде эндокриндік жүйенің белсенділігі төмендейді, ас қорыту жүйесінің жұмыс қарқыны ауысады, зат алмасу баяулап, иммунитетіміз сыртқы әсерді сезгіш бола бастайды. Мұның барлығы ағзамызды осал етеді.
Бұл өзгерістерді болжай отырып, біз дене мен тері саулығы мен сымбаттылығын қорғау үшін кейбір дауалар жасай аламыз.
1. Ыстық күндері теріміз бос радикалдарға қанығып, "шаршайды". Ал бұл терінің уақыттан бұрын қартаюына әкеле алады. Сондықтан құрамында С және Е дәрумендері, жасыл шай, жидек, какао экстракты сынды антиоксиданттар бар сарсулар мен маскалар қолданғаныңыз жөн. Егер салондағы косметикалық дауаларға құмар болсаңыз, мезотерапия, ионофорез, микротоқты терапиясынды антиоксидантты дауаларды қабылдағаныңыз жөн.
2. Күзгі депрессияға беріліп кетпеу үшін В тобының дәрумендерін қабылдаған жөн. Жалпы, рационыңызда қайта қарастырып, жетіпсеген дәрумендерді тамақ арқылы орнын толтырыңыз.
3. Жылы күндері құрғаған теріні жақсы ылғалдандыру өте маңызды. Ол үшін құрамында гиалурон қышқылы бар косметикалық заттар қолданыңыз. Оның бойында сонымен қатар антиоксидантты қасиеттер де бар. Күнделікті күтім крем, бет жуатын гель, тоник пен лосьоннан бөлек, маска, сарсу сынды косметикалық заттар қолданған дұрыс.
4. Күн суықтаған сайын біз майлы, қуырылған, тойымды асқа көше бастаймыз. Терісі табиғатынан майлы арулар осының нәтижесінде терісінің артық майлануынан зардап шеге алады. Бұл безеулер және терінің басқа да кемшіліктеріне әкеледі. Май бездерінің жұмысын ретке келтіретін арнайы косметикалық құралдар қолданған дұрыс. Естеріңізде болсын, безеулерді бірден емдесеңіз, оның іздері қалмай тез кетеді.
5. Әрине қысқа дайындалу кезінде ағзамыз артық майларды жинай бастайды. Сондықтан артық 2-3 килограмға таң қалмаңыз. Спорт пен дұрыс тамақтану жайлы ұмытпаңыз, себебі дәл осы кезеңде байқамастан одан да көп салмақ жинап алуыңыз әбден мүмкін. Сонымен қатар, түрлі орану дауаларын, май жиналатын жерлерге массаж жасауды ұмытпаңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: ua.all.biz