Адам ағзасы табиғат кезеңінің ауысуына қарай бейімделеді. Сол себепті қысқа қарай салмақ жинауыңыз мүмкін. Мұның алдын алуға бола ма?
Ұйқы
Бірінші кеңес – ұйқыны қандыру керек. Ғалымдардың пайымдауынша, ұйқысыздық семіздікке шалдықтырады. Бұл ас қорыту жүйесінің қызметін реттейтін гормондарды қалыпқа келтірумен байланысты үдеріс. Сондықтан, аз ұйықтайтын болсаңыз, зат алмасу қызметі бұзылуы әбден мүмкін.
Тамақтану
Уақытында тамақтанып тұру керектігін ұмытпаңыз. Күз – пайдалы көкөністердің молынан пісетін маусымы. Көкөніс рагуы, әртүрлі салат, көкөністен жасалған тағамды мейлінше жиі жеу керек.
Ұйықтар алдында тәбетіңіз ашылса, көкөніс жеуіңізге болады. Ол ағзаға ауыр болмайтын тағамның бірі. Сол себепті қарныңыз ашқан кезде майлы не қуырылған тағамның орнына көкөністен салат дайындап, тамақтаныңыз.
Уақыт
Уақытын билей алмайтын адамның жүйке жүйесі бұзылып, семіздікке шалдығуы мүмкін. Міндеттеріңізді, істеріңіз бен майда-шүйде шаруаларыңызды уақытымен бөліп, жоспарлауға тырысыңыз. Күніне 30 минут жаяу жүруге уақыт бөліңіз. Бұл ойыңызды жинақтап, жүрек қызметін жақсартып, дене сымбатын қалыпта ұстауға көмектеседі.
Осы үш кеңесті жадыңызда сақтап жүріңіз. Арықтаудың басқа қандай жолдарын білесіз? Салмақ жинамау үшін қандай қағидаларды ұстану керек? Бұл жайлы форумда талқылайық.