- Негізгі бет
- Сымбат
- Күз мезгілінде жасатуға...
Күз мезгілінде жасатуға арналған "IntraСeuticals" рәсімі туралы
IntraCeuticals немесе оттекті мезотерапия – бұл аустралиялық косметологтар мен биохимиктердің ойлап тапқан заманауи құралдары мен рәсімдері.
Рәсім локальді гипербариялық оксигенацияның негізінде жасалады. Арнайы құралдың көмегімен терінің терең қабатына іріткілер салынады. Косметолог маман қай іріткіні (жасарту үшін, лифтинг үшін, проблемалы теріні тазарту үшін) таңдаса да, құрамында гиалуронды оттек, дәрумен және антиоксиданттар болады. Нәтижесінде тері тереңінен ылғалданып, әжімдер жазылып, тесіктер кішірейіп, көз астындағы көгеру бәсеңдейді. Рәсімнің басты жетістігі – ауырсынудың азаюы, екпе иненің салынбауы және гематома мен ісіктің болмауы.
Рәсімнің нәтижесі 1,5 аптаға дейін сақталады. Толық нәтиже болу үшін 6 рәсімнен өту керек. Алматы қаласында IntraCeuticals рәсімін Beauty Couture, Beautymed, Omega Clinic салондарында жасатуға болады. Бірақ мамандар бұл рәсімді 25 жастан асқан бойжеткендерге ғана ұсынады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: buro247.kz
Қ. Бүйенбай