Келер маусымдағы ең өзекті шаш үлгілеріне шолу жасаймыз.
Сәнде – табиғилық
Таңертең ұзағырақ ұйықтағанды жақсы көретіндер үшін жағымды жаңалық – бейберекет жиналған шаш тағы сәнде. Әдетте стилистер бейберекет шаш үлгісін біршама ұқыпты ету үшін біраз уақыт пен құралды пайдаланатын. Бірақ бұл маусымда бұл да міндетті емес.
Подиумдардағы бейберекет шаш үлгісін қалай қайталауға болады?
3.1 PhillipLim мен Giles көрсетілімдеріндегі сәнбикелердің келбетіне қараңыз. Оларды қайталау қиын емес: таңертең басты жуып, шаш күтуге арналған жуылмайтын құрылғыны әдеттегіден көбірек жағу керек. Егер бұл бейнелер тым әдеттегіден тыс көрінсе, Burberry немесе Emilio Pucci көрсетілімдерінің сәнбикелеріне назар аударыңыз – қалыпты жайылған шаш кез келген жағдайға жарасымды көрінеді. Оларды жасау үшін теңіз тұзымен спрей немесе құрғақ сусабын қажет. Одан да көрікті шаш үлгісі – MarissaWebb пен Rochas көрсетілімдерінде.
Шашты бейберекет, бірақ ұқыпты жаюға шашты жылтырататын сарысу көмектеседі. Құрамында силикон көп болған сайын, бұрым барынша тегіс болады. Егер бірдеңе дұрыс болмай жатса шаш қысқыштар көмекке келеді – мысалы, Zac Posen-нің сәнбикелері сияқты шығып кете беретін шаштарды қысқышпен бейберекет қыстырып қойыңыз.
Нәзік бұрымдар
Giorgio Armani, Rodarte, Valentino мен Vivienne Westwood көрсетілімдеріндегідей нәзік бұрымдарды жасау үшін ешқандай бұйралағыш пен шаш түзеткіш қажет емес. Егер шашыңыз түрлі шаш үлгілерін жасауға көнгіш келетін болса, онда таңертең бұйра шаштарға арналған муссты жағып, біраз уақыт бұрымдарды жұдырықпен қысып тұру керек. Егер шашыңыз қатты болса, онда муссты кешке жағып қойып, шашыңызды бейберекет түйіп қойыңыз, не болмаса қатты өріп қойыңыз. Таңертең шашыңыз бұйраланып тұрады. Оны қолыңызбен түзеп, құрғақ спреймен немесе шашқа арналған лакпен қатырып қойсаңыз болады.
Түзу шаш
Шашы түзу қыздарға әр таңда шашын тегістеп жатудың қажеті жоқ. Оны жай ғана түзу немесе қиғаш айрыққа бөліп қою жеткілікті. Мұндай шаш үлгілерін Chloe, Christian Dior, Jill Stuart көрсетілімдерінен байқауға болады. Алайда Marc Jacobs пен Versace түп-түзу шаштарға ден қойыпты: бұл да трендте.
Дымқыл шаш әсері
Дымқыл шаш әсері өз позициясын жоғалтқан жоқ. Мамандар көбіне мұндай әсерді шашты жылтырататын және тегістейтін сарысу арқылы немесе шашқа арналған арнайы майдың арқасында жасайды. Әрине, кеңсеге немесе ресми шараларға мұндай шаш үлгісі жарамайды. Ал кешке мұндай шаш үлгісін жасау өте орынды.
Бейберекет кекіл
Кекіл өсіріп жүрген қыздар көрсетілімдерден тамаша нұсқаларды өздеріне сайлата алады. Оны Dries Van Noten, Erdem және Giles көрсетілімдеріндегідей бейберекет, немесе керісінше, Alexander Wang, Donna Karan, Jonathan Saunders көрсетілімдеріндегідей жинақы әрі түп-түзу етуге болады. Кекілі жоқ қыздар үшін жалған кекіл көмекке келеді: бірінші жағдайда текстуралық спрейді қолданып және екінші жағдайда тегістейтін сарысу қолданып жасауға болады.
Түйілген шаш
Ең әмбебап шаш үлгілерінің бірі – түйілген шаш бұл күзде де өзекті. Бұл маусымда олардың әртүрлісі сәнде, өзіңізге ұнағанын төменде ұсынылғандардың қатарынан таңдай аласыз.
Ұқыпты шаш түюлер Altuzarra, Atelier Versace, Prada, Carolina Herrera көрсетілімдерінде, бейберекеттері – Diane von Furstenberg, Erdem, Lanvin, MarissaWebb және Roberto Cavalli көрсетілімдерінде болды. Сонымен қатар өрілген және бұралған шаш түюлерді – Armani Privé, Dolce&Gabbana, Honor, Jason Wu, Michael Kors көрсетілімдерінен көре аласыз.
Ерекше өрімдер
Жыл сайын подиумдардан ерекше өрімдердің түр-түрін көреміз. Ең қарапайым нұсқасы – Emilio Pucci көрсетілімінде: сәнбике бейберекет жайылған шашын өзі өріп алып алғандай әсер қалдырады. Оны Givenchy мен Marc By Marc Jacobs көрсетілімдерінен байқай аламыз. Alexander McQueen бөгдеғаламшарлық шаш өрімін ұсынса, Helmut Lang пен Marchesa мұның қарапайым нұсқасын ұсынған. Бірақ, ең ұтымды нұсқа – Tibi-де: стилистер сәнбикелердің айрықтарын өріп қойған.
Сәнді шаш буу
Қарапайым және сәнді нұсқаларын Balmain, Derek Lam, Hugo Boss пен Stella McCartney ұсынды. Бұлар қызықсыз деп тапсаңыз, бәлкім, Fendi немесе Valentino өрілген бұрымдары көңіліңізден шығар. Ал Rag&Bone бейберекет нұсқасы әдеттен тыс стильді қалайтындар үшін таптырмас нұсқа.
Дайындаған: Анар Мұстафина
Сурет: passion.ru
Оқи отырыңыз:
Күз-қыс 2014-2015: сәнді түстер, реңктер мен принттер
Күз-қыс 2014-2015: сәнді түстер, реңктер мен принттер (жалғасы)
Күз-қыс 2014: тырнаққа арналған сәнді лактар