Көп адам ерте оянғанды ұнатпайды. Төсектен әрең тұрып, жұмыстың алғашқы бір сағатында есінеп отыратын кез сізге де жақсы таныс шығар. Сонда өзімізді сергек сезіну үшін сағат қаншада оянған дұрыс? Осы сұрақтың жауабын бірге іздеп көрейік.
Қыздардың көбісі кеш тұратындықтан, дәмді шай мен тәтті тағамдардан құрқалады. Кеш оянып, асығыс жиналады. Бетіне бояуын шала жағып, шашын тарамай шыға салатын кездері де бар. Мұнымен қатар, үйден шығуға 5 минут қалған кезде ыстық шайын ішеді. Тезірек кеш батсыншы деген ниетпен кеңсеге қарай жүгіреді. Жұмыста тағы 40 минутты ойын жинақтауға арнайды. Бұлай басталған күн жақсылыққа апармайды.
Ғалымдар мұның барлығын күн тәртібін дұрыс құра алмаумен байланыстырады. Сергек жүру үшін күн тәртібіне кішкене өзгеріс енгізу қажет. Дәлірек айтқанда, қай істің маңыздырақ екенін шешіп алу. Мақсатқа жету үшін жинақылық пен денсаулық та керек. Ал бұлар үшін ұйқының маңызы зор.
Қай кезде оянған дұрыс?
Күз – сағатты кері бұрап, кеш ерте батып, таң кеш ататын уақыт. Осындайда адамның биоритмі өзгереді.
Көшеге жарық түскен кезде оянсақ, ағзамыз дұрыс жұмыс істеп, ой жинақтаймыз. Эксперимент жасап көріңіз: сағат 10-да ұйықтап, таңғы сағат 6-да ояныңыз. Алғашында сағат санына қарап, ұйқыңыз қанғандай көрінсе де, жылы көрпеге оранып алып, қайта ұйықтауды жөн көресіз.
Кей дәрігер жұмыс басталатын уақытты 1 сағат ілгері жылжытуды ұсынады. Осы өзгерістің арқасында өзіңізді сергек сезініп, ерекше көңіл-күйге бөленесіз.
Күннің өзгеруіне байланысты күз бен қыс мезгілінде кей адам тез шаршап, көп демалысты талап етеді. Мамандардың айтуынша, бұл заңды құбылыс.
Жұмыста табыста болып, әрдайым көңілді жүргіңіз келсе, оятқышты жерге жарық түсетін уақытқа қойыңыз. Өзімізді қинап, ерте тұрғызған кезде жүрек, ас қорыту мүшелеріне байланысты ауруларға шалдығамыз. Осыны да ескеріңіз.
Өзіңізге қай уақыт ыңғайлы екенін түсіну үшін бірнеше күн қатарынан сағат 23:00-ге дейін ұйықтаңыз. Ертесінде оятқыштың көмегінсіз тұрыңыз. Сол кезде ғана өзіңізге қай уақыт ыңғайлы екенін түсінесіз. Көп адамға сағат 7-8 арасында оянған ыңғайлы.
Ал сіз ше? Таңертең сағат нешеде оянасыз?