Өмірде күйзеліске ұшырататын жағдайлар көп: түнде кеш жатқанда, таңертең ерте тұрғанда, метрода, кептелісте, жұмыста және тіпті, үйде. Күйзеліс кезінде біздің ағзамызға артық күш түседі. Ал бұл оның жұмысына және әрине, теріге әсер етеді.
Адам мазасызданғанда және қатты уайымдағанда ағзада кортизол гормоны бөлінеді. Кортизол деңгейінің көп болуы тері жасушаларының қабынуын шақырады және майлы секрециялар жұмысын жылдамдатады. Нәтижесінде, мынадай тері проблемалары туындауы мүмкін:
- Жергілікті безеу;
- Әжім. Күйзеліс кезінде, әсіресе, терісі құрғақ адамдарда әжім пайда бола бастайды. Себебі ағзадағы гиалурон қышқылы мен коллаген синтезі азаяды;
- Терінің сау емес түсі. Жоғары сезімталдық кезінде қанның құйылуы өмірлік маңызы бар органдарға барады да, басқа жерлерде оның қайтуы болады. Бұл кезде тері сарғыш түсті болуы мүмкін;
- Кейде ұсақ эмоционалды өзгерістер созылмалы күйзеліске айналып кетеді. Ол өз кезегінде қауіпті ауруларға әкелуі мүмкін. Мысалы, псориаз.
Ағзадағы кортизол деңгейін азайтуға болады. Өміріңізді жағымды сәттермен толтырыңыз. Біз бақытты болсақ және өмірімізге қанағаттансақ, ағза «бақыт гормоны» — окситоцинді бөледі. Бұл гормон тері жасушаларын қалыпқа келтіреді және оларды оттекпен қанықтырады. Тері жастығын сақтап, оның жарқырап тұрғанын қаласаңыз, жағдайларға деген көзқарасыңызды өзгертуге тырысыңыз.