- Негізгі бет
- Сымбат
- "Күтімді қол" мазі...
"Күтімді қол" мазі
Фото:
hoteldorf.com
"Күтімді қол" мазі қолдағы дақтарды және жарылғанды кетіреді. Оны дайындау жеңіл әрі қолжетімді.
Мазьді пайдалану алдында қолды дайындаймыз, ол үшін 1 л жылы суға 2 ас қасық тұз салып, жақсылап араластырамыз. Дайын қоспаға қолымызды салып, 10 минут ұстаймыз. Содан соң қолды жуып тастамай, мазьді жағамыз.
Мазьді дайындау үшін 1 жұмыртқаның сарыуызына 1 ас қасық бал және 1 ас қасық сұйық май құйып, жақсылып араластырамыз. Қолыңызға мазь жаққан соң, 20 минут шамасында ұстап, артынан жуып тастаңыз.
Қол терісі жұмсақ бола түседі. Қолыңыз жарылған немесе зақымдалған болса, күнделікті уақытымен мазьді жағып тұрсаңыз, 3-4 күнде қалпына келеді.
А. Жапатова