Қыздардың көбі күштік жаттығулардан қорқады. Олар қолдарына гантель алса, өзінің нәзіктігін жоғалтып, бірден арқасы жалпақ спортшыға айналамын деп ойлайды. Ендеше, салмақтармен жаттығу жайлы 5 аңызды ұсынамыз.
«Культуристке айналып кетемін»
Қаз бала культуристке айналу үшін ол культурист секілді жаттығуы, тамақтануы керек және оның өмір сүру салтын сақтауы керек. Ал ол өте қиын. Бұлшықет массасы бірнеше шартты қатарынан істеу арқылы ғана артады: оларға грамм бойынша есептелген қатаң ақуыз-көмірсулы диета және көп күштік жаттығу жатады. Кей арық қыздар қосымша 1-2 кг бұлшықет массасын қалайды. Себебі ол дене пішінін фактуралы етеді, артық көмірсуларды жағуға көмектеседі және гормонды жастықты ұзартуға мүмкіндік береді. Бірақ сол аз бұлшықет массасының өзін жинау қиынға соғады. Кейде 500 грамм бұлшықетті жинау үшін 6 ай қатарынан аптасына 3 рет қалдырмай жаттығу қажет болады. Сондықтан культуристке айналу оңай нәрсе емес.
«Зақым алуым мүмкін»
Арқаны күнделікті өмірдің өзінде ауыртып алуыңыз мүмкін. Егер жаттықтырушының айтқандарын асықпай, дұрыс орындасаңыз, ештеңе болмайды. Бастысы, нәтижеге сабырлықпен жету. Әр жаттығудан кейін созылу арқылы дененің ауыруын жеңілдетуге болады.
«Көбірек тамақ жеп кетемін»
Жаттықсаңыз да, жаттықпасаңыз да, тамақ үнемі бақылауды қажет етеді. Әдетте, спортпен айналысу еркін тамақтануға әкеледі. Басты бонусы — жаттыққан адам өзіне артық пицца жеуге мүмкіндік бере алады.
«Жаттықпай кетсем, бұрынғыдан да көп салмақ қосып аламын»
Егер жаттығумен бірге дұрыс тамақтануды да тастап кетсеңіз, тәуліктік калорияңызды көбейтіп алуыңыз мүмкін. Бірақ әдетте, адам жаттығуды тоқтатып, дұрыс тамақтануды жалғастыра берсе, керісінше, көлем мен салмақ азайғанын байқауыңыз мүмкін.
«Залдан кейін салмақ қосылады»
Залдан кейін 2-3 күн қалыпқа келу кезеңінде бұлшықеттер су мөлшерінің және гликогеннің себебінен ауыр бола түседі. Оны уақытша гипертрофия деп атайды. Оған қоса, бұлшықеттер жаттығудан кейін жиырылған күйде болады. Сондықтан да жаттығудан соң 10-15 минут кардиоға немесе созылуға уақыт бөлу керек. Екі күннен соң бұл әсер кетеді және бұлшықеттер бұрынғыдай бола түседі. Сондықтан салмақ та орнына түседі.