Құрғақ тері – кең таралған мәселенің бірі. Терінің бұл жағымсыз жағдайы сырт келбетті бұзады және жайсыздық (құрғақ тері кейде қышиды) туғызады. Кей адамдар терінің құрғақтығын кетіру үшін қымбат косметикалық құралдарға жүгінеді. Алайда тері жағдайын жақсарту үшін оған кешенді түрде күтім жасайтын лайфхактар қолдану керек.
Сұлы жармасы
Сұлулар сұлыны бетке маска ретінде бұрыннан пайдаланған. Сұлы жармасының ботқасы – коллоидті қосылыстардың табиғи көзі. Ол құрғақ теріні ылғалдандырады және құнарландырады. Сонымен қатар ол тері қышуын басады.
Пайдалы компоненттер
Заманауи beauty-индустрия тері күтіміне арналған құралдарды көптеп ұсынып отыр. Әртүрлі талғамға және қаражатқа арналған түрлі кремдер, сарысулар, тониктер, гельдер және көбіктер бар. Алайда косметикалық өнімді сатып аларда оның құрамына ерекше мән беру керек. Себебі оның теріге пайдасының болуы немесе болмауы сол құрамына тікелей байланысты. Мысалы, гликоль қышқылы – қант құрағында және кей жеміс-жидектерде, соның ішінде, жүзімде болатын табиғи зат. Ол теріні жақсылап тазартып, оны ылғалдандырады және теріні жұмсақ етеді. Гликоль қышқылы барлық тері типімен үйлесетіндіктен ол косметологияда кеңінен қолданылады. Теріге арналған жоғары сапалы күтім құралдарында болатын тағы бір пайдалы компонеттің бірі – сүт қышқылы. Ол теріні жұмсартады, терең қоректендіреді және тітіркенуді басады.
Кокос майы
Кокос майында тері жасушалары арасына ене алатын табиғи майлы қышқылдар бар. Бұл теріні ылғалдандыруға және тегістеуге көмектеседі. Кокос майының бір артықшылығы – оны сезімтал теріге пайдалана алу мүмкіндігі.
Кокос майының 20 пайдалы қасиеті
Төмен температура
Душ пен ваннаға арналған су температурасын түсіру арқылы терінің табиғи ылғалдылығын сақтауға болады. Құрғақ тері иелеріне ыстық ванна қабылдау немесе саунаға бару тиімсіз.
Құнарлы тамақ
Тамақтағы антиоксиданттардың жеткілікті мөлшері тері құрғақтығынан арылуға және тері жағдайын жақсартуға көмектеседі. Олар қаражидек, қызанақ, жасымық секілді өнімдерде болады. Омега-3 майлы қышқылдары да теріге өте пайдалы. Ағзадағы бұл компонеттің мөлшерін арттыру үшін Омега-3 қосымшасын ішу керек немесе жаңғақтар мен дәндер жеу қажет. Тәтті картоп пен сәбіз ағзаны А дәруменімен және бета-каротинмен қамтамасыз етеді.
Вазелин
Вазелин – құрғақ теріге арналған өте пайдалы әрі тиімді құрал. Ол құрғақ терінің жарылу, қабыршақтану, қызару, қышу секілді салдарларынан арылуға көмектеседі. Вазелин көбіне кішкентай тері бөліктеріне (өкше, қол, ерін және т.б) қолданылады.
Вазелиннің сіз білмеген 7 пайдасы
Қағаз майлықтар
Тері толықтай құрғағанша сүлгімен қатты ысқылап сүртінудің қажеті жоқ. Мұндай әрекет, керісінше, теріні тітіркендіріп, қабыршақтандырады. Суға түскеннен кейін тері ылғалды сақтап қалу үшін оны сүлгімен жай сүртіп алу жеткілікті. Ал бетіңізге сүлгіні мүлдем қолданбаған жөн. Сүлгіге бактерия көп жиналады. Оның орнына қағаз майлық қолданыңыз.
Сүтті компресс
Сүттің құрамында құнарлы әрі ылғалдандырушы заттар бар. Бұл өнімді қолдану оңай: Мата майлықты немесе мақта дисктерін сүтке сулап, бетте 15-20 минут ұстаңыз.