Құрғақ сусабын – біздің елімізге енді ғана келе бастаған өнім және ол туралы көп оқырмандарымыз жақсы біле бермейді. Осы орайда мұндай құралдардың пайдалы тұстары мен дұрыс қолдану ережелері туралы айта кеткенді жөн көрдік.
Жалпы, жаңа заттардың барлығы да қолданыстан шығып, ұмыт қалған дүниелер екендігін мойындау керек. Ал құрғақ сусабындардың "ата-бабасы" деп крахмалды, ұнды, ұнтақталған сұлыны, талькті, ас тұзын, тіпті, какао ұнтағын айтуға болады. Бұларды әсіресе қара шашты қыздар ұнатқан. Аталған заттардың барлығы да майды жақсы сіңіріп, шашты сусабынның көмегінсіз-ақ ретке келтірген. Алайда, бұдан кейін шашыңызды тарау қиынға соғады.
Тарихқа сенсек, шашты тазартудың "құрғақ жолы" осыдан төрт ғасыр бұрын пайда болған. Кейіннен осы әдісті бағдарға ала отырып француздық Klorane фирмасы жағымды текстуралы, нәзік иісті шаш жуатын құралды жасап шығарды. Бұл құрал әлі күнге дейін қолданысқа еніп жүр.
Кейде заманауи сусабындарға ескі әдіс бойынша, сұлы, ақ балшық, күріш немесе жүгері қосылады, әрине, бұрын қолданылған нұсқа бойынша емес. Бүгінде бұл сығындылар шашта тұнып қалмайды және тері майын өте жақсы сіңіріп, шашты сусыз-ақ тазартады.
Олар шашты тазартып қана қоймайды, құрамына пантенол (қалпына келтіреді және ылғалдандырады), ментол және жалбыз (сергітеді және қышуды басады), триклозан(антибактериалды қорғаныс), эфир майының сығындысы (бас терісін күтеді) қосылатындықтан шашыңызды барлық жағынан қорғайды.
Бұл сусабындар ұнтақ түрінде ғана емес, спрей нұсқасында да шығарылып жүр. Көлемдері де әртүрлі келеді: үйде қолдануға арналған үлкені, жолда алып жүруге арналған шағыны бар.
Сусабынды қолдану әдісі өте қарапайым: сіз баллонды қағып-сілкейсіз де, шаштың түбіне төгесіз немесе себесіз. Онан кейін жарты минут уақыт күтесіз. Содан кейін құрғақ сусабынды шаштың бәрлық жеріне тигізу үшін шашты қолыңызбен шайқайсыз немесе ысқылайсыз. Соңында шашты тарасаңыз жетіп жатыр.
Құрғақ сусабындардың шашқа көлем беріп, көтеретін де қасиеттері бар. Бұл туралы ыдыстың сыртында жазылады.
Стилист мамандар сусабынды шашты кірден тазарту үшін ғана емес, шаш үлгісін сақтап қалу үшін де қолдана беру керек екендігін айтып отыр.
Құрғақ сусабындар майлы шаштарға жақсы. Бір аптада екі рет жусаңыз жетіп жатыр. Әрине, құрғақ сусабындар сумен тазартқанды алмастыра алмайды, сондықтан, оларды дәстүрлі сусабындармен араластырып пайдаланған жөн.
Дайындаған:Айгерім Сматуллаева
Сурет: livejournal.com