Жаз айларында күннің белсенділігі өседі. Әсіресе маусым, шілде айларында теріні құрғатып, күйдіріп жіберуі әбден мүмкін.
Күн астында жүріп, күйіп кетпеу үшін не істеу керек?
1. Күн астында түскі 12.00-ге дейін және кешкі 16.00-ден кейін жүруге болады. Осы уақыттың аралығында күн ең жоғары нүктесіне жетіп, теріні күйдіріп жіберуі мүмкін. Сонда да таңертең далаға шығудың алдында күннен қорғайтын иісмай жаққаныңыз дұрыс.
2. Күндізгі 12.00 мен 16.00-дің арасында күннің астында жүруге мәжбүр болсаңыз, күннен қорғайтын фильтрі жоғары иісмайды жағып, жеңі бар жеңіл жейде, аяқты түгел жабатын шалбар мен бас киім киіп алғаныңыз жөн. Бас киімсіз күннің ыстығына қалсаңыз, ауырып қалуыңыз мүмкін екенін ұмытпаңыз.
3. Күннен қорғайтын иісмайды дұрыс таңдаңыз. Теріңіз неғұрлым ашық түсті болса, соғұрлым жоғары қорғанысты иісмай табуыңыз керек. Егер демалысқа шығатын болсаңыз, құм мен суға төзімді иісмай таңдағаныңыз жөн. Әр үш сағат сайын иісмайды денеге қайталап жағып отырыңыз.
4. Ал керісінше, күнге күйгіңіз келсе, күнімен күннің астында жату міндет емес. Жартылай көлеңкенің астында отырып-ақ денеңіз қараяды.
5. Табиғи антиоксиданттарға бай дәрумендерді ішіп жүріңіз. Жеміс-жидек пен көкөністерді молынан алыңыз. Антиоксиданттар теріні іштен қорғайды.
6. Күнге шығып келген соң денеге «күннен кейінгі» иісмайды жағып жүріңіз. Ол терінің су-липидті балансын қалыпқа келтіріп, құрғақ теріні ылғалдандырады.
Осы ережелерді ұстанатын болсаңыз, теріңіз күнге күйіп кетпей, әдемі, бір тегіс түсті болады. Іске сәт!