Күнге күйіп қалсаңыз, не істеу керек?

Күнге күйіп қалған тері жағымсыздық тудырады және қауіпті болуы мүмкін. Мұндай жағдайда теріні одан әрі зақымдап алмас үшін не істеу керек?

Күнген күйген терінің негізгі белгілері:

- қызарады (ол күю деңгейіне қарай қою қызыл реңкке дейін барады);
- күйдіреді және қышиды;
- бірдеңе тиіп кетсе, ауырады;
- кейде дене температурасы көтеріледі;
- тері қатты күйсе, 3-4 күн өткеннен кейін күлбіреп, тері түсе бастайды.

Теріңіз күнге күйсе, бірнеше күндей жабық киім кисеңіз де, далаға шығу қиындау болады. Күнге күйгеннен кейін бір аптадай тек кешке күн салқындағанда шығуға тырысыңыз.

Күнге күйген теріге алғашқы көмектің алгоритмі мынадай:

1

Салқындату. Оізге салқындау душ немесе компресс көмектеседі. Күнге күйгеннен кейін қолданылатын заманауи құралдардың құрамында ментол болады. Соның себебінен олар теріге салқындатушы әсер береді.

2

Тыныштандыру. Терінің зақымдалған бөлігіне құрамында пантенол,  аллантоин немесе бисабололы бар крем жағыңыз.

3

Ылғалдандыру. Аfter sun белгісі бар гель, сүт немесе спрейлер жиі тыныштандырушы және ылғалдандырушы әсерге ие. Құрамында мына белсенді компоненттер болуын қадағалаңыз: алоэ шырыны, қарбыз, қияр және кактус сығындысы, жожоба майы.

Күнге күйгенде не істеуге болмайды?

Бірінші кезекте, сүт қышқылды өнімдер түріндегі халықтық құралдарды қолдану тыйым салынады. Күйген теріге мысалы, қаймақ немсе айран жақпаңыз. Олардың құрамында ашу өнімдері, бактериялар және кейде тағамдық қосымшалар болады. Ал олар қабынған тері мен зақымдалған жерді асқындырып жіберуі мүмкін. Сол секілді күйген теріні сұйық маймен уқалаудың қажеті жоқ. Ол эпидермис бетінде қабыршақ түзіп, теріні салқындатудың орнына жылу ауысуды бұзып, тері жағдайын нашарлатады.