Күнге әдемі күю ережелері

Жағажайға барып, қараторы қыз болып қайтамын десең, мұқият дайындалып ал. Егер нағыз тегіс, қола түсті қоңыр реңге қол жеткізгің келсе және бір жағынан теріні бүлдіріп алмауды ойласаң, күнге күю ережелерін ұстан.

Күннен қорғайтын құралды тері түсіне сәйкестендіріп сатып алған жөн. Егер сен табиғатыңнан ақсары, аққұба немесе күрең сары болсаң, онда күннен барынша қорғайтын құралдар керек. Кремнің SPF деңгейі 50-ден кем болмауы тиіс. Күнге күюдің алғашқы белгілері пайда болғанда қорғаныс факторы деңгейін төмендетіп, SPF 30 белгісіндегі құралдарды пайдалануға болады. Егер қоңыр немесе қараторы болсаң, сен тез күнге күйесің, сондықтан бастапқыда SPF 30 белгісі бар күннен қорғайтын құралдар жарайды, ал кейін SPF 15 белгісіндегі құралдарды пайдалансаң болады.

Күнге күюден кейін пайдаланылатын сүтше Leto , Faberlic

Егер мақсатың жай ғана күннің астында жату болса, және мүлде қарайғың келмесе, онда қорғаныс деңгейі 100-пайыздық құрылғыны пайдалансаң болады. Күннен қорғайтын крем аллергиялық реакция тудырмайтынына алдын-ала көз жеткізіп ал. Ол үшін құралдың кішкене бөлігін білектің ішкі жағына жағып, бір күн жумай тексеріп көру керек. Кез келген қызару немесе қышу саған бұл кремнің жақпайтынын көрсетеді.

Күннен қорғайтын құралдың текстурасы да маңыздылыққа ие. Мысалы, көптеген күннен қорғайтын майлар күн сәулесін тарту қасиетіне ие, әрі бір типтегі сәулелерден қорғай алады. Оның басты артықшылығы – үнемділігінде. Майлы текстурасының арқасында кішкене бөлігі бүкіл денеге жағуға жетеді. Маймен құрғаған теріні құнарландырған жақсы, өйткені оның құрамында қабынудың алдын алатын органикалық қышқылдар бар, ал лецитин мен майлы қышықылдарға мол соя сығындысы терінің ылғал сақтау қасиетін арттырады. Сондықтан күнге күйіп болған соң осы құрылғыны пайдалансаң болады.

Дене мен шашқа арналған күннен қорғайтын май-спрей, SPF 30, CLarins

Егер тез арада қараторы болуды армандасаң, онда акселератор-құралдарын немесе ультракүлгін сәуленің әсерін арттыратын күнге күю жеделдендіргіштеріне назар аудар. Бірақ бұлар теріні ультракүлгін сәулелерден қорғамайды және көбіне солярийде қолданылады. Акселераторлар теріні автокүюге ұқсас бояйтын бронзатор кешеніне ие. Қандай құралды таңдасаң да, үнемдеудің қажеті жоқ – тым жұқа қабат оның әсерін төмендетеді. Күннен қорғайтын препараттарды молынан, алдымен қол мен аяққа, ал кейін түгелдей денеге уқалап жағу керек. Және шаш сияқты сезімтал аймақты да ұмытпа. Күннің белсенді әсерінен оған да зиян келеді, шаш түсу жиілейді. Мұның алдын алу үшін шашқа SPF-әсері бар ылғалдандыратын спрей жағып қою қажет.

1. Бетке арналған күннен қорғайтын Anthelios XL, SPF 50+ кремі, La Roche-Posay 2. Бетке арналған күннен қорғайтын SPF 30 кремі, Payot 3. Күнге күюден кейін қайта қалпына келтіретін Sun Zone сүтшесі, Oriflame 4. Күннен қорғайтын SPF 20 сүтшесі, Leto, Faberlic 5. Бет пен денеге арналған күннен қорғайтын SPF 15, Sun Zone лосьоны, Oriflame 6. Күнге күюден кейін ылғалдандыратын Soleil Bronzer сүтшесі, Lancôme. 7. Шашқа арналған қайта қалпына келтіретін Sun Recovery Spray, Summer Hairx спрейі, Alterna 8. «Солнечный круг» сусабын-кондиционер, Green Mama

Жағажайға шықпас бұрын құралдарды ғана емес, теріңді де дайындап ал. Теріні барынша тазартуға тырыс. Пилинг процедурасын жаса немесе теріге арналған скрабты пайдалан. Осылайша тері күнге тегіс күйеді және қараторы реңк ұзақ сақталады. Күнге біртіндеп күй, көптеген қыздардың қателігі – бірінші күні-ақ күннің астында ұзақ жатады. Нәтижесінде теріге зақым келіп, құрғайды. Сондықтан күнге күю сеанстарын 10-20 минуттан баста, біртіндеп 5-10 минуттан қосып отыр. Әрі дерматологтар алғашқы 2-3 күнінде күнге күюге қарсы құралдарды пайдалануды ұсынады, осылайша тері біраз дағдыланады.

Ереже бойынша, мұндай кремдер теріні қатты күюден қорғайтын арнайы фильтрлерден тұрады. Кейін, тері үйреніскенде күнге күюге арналған кремдерді пайдалануға болады. Жағажай заңы бойынша күннен қорғайтын құралды кем дегенде жарты сағат бұрын жағып алу керек.


1. Бетке арналған күннен қорғайтын SPF 50 кремі, Caudalie 2. Күннен қорғайтын құрғақ спрей, SPF 30, Garnier Ambre Solaire. 3. Күнге күюге арналған SPF 15 бальзамы, eva sun 4. Күннен қорғайтын Sun Spark сусабыны, Londa Professional 5. Дене мен бетке арналған күннен қорғайтын Lait Solaire сүтшесі, Biotherm 6. Проблемалы теріге арналған күннен қорғайтын эмульсия, Cleanance, SPF 30, Avène 7. Бетке арналған күннен қорғайтын крем, SPF 40, «Солнечный круг», Green Mama 8. Бетке арналған күннен қорғайтын крем, SPF 30, Clinique

Күн астында жүргенде крем немесе эмульсияны ара-тұра жаңартып тұру қажет, кем дегенде 3 сағат сайын. Ал егер суға төзімді қасиеті болмаса, онда әр суға кіріп шыққан сайын. Күн теріден бар ылғалды сорып алады, сондықтан күнге күйгеннен кейін теріні ылғалдандыруды ұмытпау қажет. Бұл кезде теріні тітіркендірмес үшін пилинг және скрабтарды пайдаланбаған жөн. Ылғалдандырғыш кремдер, лосьондар мен термалды суды күнге күйер алдында да, процесс кезінде де, кейін де аямай қолдана беруге болады.

Теңіз суынан шыққан соң душ қабылдауға тырыс, өйткені тұз терінің құрғауына қосымша әсер етеді. «Күнге күюден кейін» деген белгілері бар құралдарды елемей қойма. Біріншіден, олардың құрамына қабынуға қарсы, теріні тыныштандыратын заттектер кіреді. Екіншіден, олар қарайған реңкті сақтау қасиетіне ие.

Күннен қорғайтын ылғалдандырғыш спрей, SPF 50+, Nivea Sun

Жазғы демалыс алдында шашыңды бояма және химиялық бұйралау жасама. Бұл процедуралар күннен құрғаған шаштарды одан сайын зақымдайды, бұған қоса бояғыш заттар тұзды теңіз суымен шайылып кетеді, ал бұрымдар – күйіп қалады. Егер сен әрдайым шашыңды бояп жүретін болсаң, және бұл процедураны аяқ асты ете алмасаң, жағажай демалысы кезеңінде боялған шаштарға арналған сусабынды пайдалан.

Күннен қорғайтын кремді өз бетінше немесе күндізгі кремнің сыртынан жағуға да болады. Егер ылғал жетіспейтінін байқасаң, екі өнімді де пайдалан. Және уақытты қадағалауды ұмытпа – күннен қорғайтын кремді күнге шығар алдында, ең аз дегенде 20-30 минут бұрын жағу керек. Осы уақытта құрал жұмысын бастап, теріні ультракүлгін сәулелерден барынша қорғайды.

Сурет: ellegirl.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина