Кореялық косметологтардың "өнертабыстары" заманауи қыздардың күнделікті beauty-рәсімін едәуір жеңілдетті. Қыздардың тері күтіміне қажетті және пайдалы корейлік косметикалық құралдарды ұсынамыз.
Гидрофильді май
Гидрофильді май инновациялық формуласының арқасында макияжды теріге зиянын тигізбей сүртеді. Құралдың құрамына майлар мен эмульгаторлар кіреді. Ол сумен жанасқанда нәзік жеңіл сүтті сұйықтыққа айналып, терідегі ластықты қиындықсыз кетіреді. Барлық макияжды кетіру үшін теріні қатты ысқылаудың қажеті болмайды. Майды массаждық қозғалыспен жағып, макияж жібіген бойда сумен шайып тастайсыз.
Кушон
Корейлік косметологтардың ойларынша, тональді негіз, опа және ВВ-крем арасынан біреуін таңдаудың қажеті жоқ. Олар осы үшеуін бір құралға біріктірді. Кушон жеңіл жағылады, теріні ылғалдандырады және бетте қабаттанбайды.
Патчтар
Патчтің пайда болуымен қыздардың мәселесі бір сатыға төмендеді. Қазір шаршаңқылықтың, күйзелістің және басқа да жағымсыздықтардың ізін жасыру үшін көздің астына патчи жабыстырып, бірнеше минутқа қалдыру жеткілікті.
Ерінге арналған тинт
Тинт – құрамында көп мөлшердегі бояғыш пигменті бар құрал. Ол теріге сіңіп, оған табиғи күңгірт реңк беретін қасиетке ие. Олар 8 сағатқа дейін өшпейтін қасиетімен ерекшеленеді. Тинтті ерінге және бетке қолдануға болады.
Мист
Кореялық косметологтар ылғалдандырушы құралды тек таңертең және кешке қолдану дұрыс емес деп санайды. Себебі тері күні бойына ылғалды қажет етеді. Осы мақсатта олар кез келген уақытта теріні балғын ететін арнайы спрейлер ойлап тапты.
Эссенция
Эссенция текстурасы бойынша сарысуды (сыворотка) еске түсіреді. Бірақ эссенция көбірек белсенді заттарға ие. Бұл құрал теріні терең қоректендіреді және қарқынды ылғалдандырады. Оны күніне екі рет қолдану керек: таңертең және кешке жуынған соң саусақ ұштарымен жағасыз.