Күнделік жазуды күн сайынғы әдетін айналдырған адам диета ұстағандарға қарағанда тез арықтайды екен. Оның себебі мынада: күнделікке не жеп отырғанын жазып отырады.
Зерттеушілер мұның тек арықтауға ғана емес, тамаққа деген дұрыс көзқарас қалыптастыратынын айтады. Зерттеу барысында мынадай тәжірибе жүргізілген екен. Бір топ адамға ішкен-жегенін және салмағын, бойын күнделікті өлшеп жазып отырған. Ал екінші топ қалауынша ішіп-жей береді. Тек күнделікке жазба қалдырмайды. Нәтижесінде күнделікке жазып жүрген топ бастапқыдан тез арықтаған, ал екінші топта айтарлықтай өзгеріс байқалмаған.
Күніге жеген тамағыңыздың калориясын біліп отырасыз
Тағамның құрамындағы заттың бәрі адамға оң өзгеріс әкеле бермейді. Құрамында қанты бар тағамдар қант диабетімен ауыратын адамдарға жақпауы мүмкін. Сол секілді ішіп отырған асыңыздың құрамын білу керек. Артық салмақ − арықтай алмай жүргендер үшін үлкен уайым. «Қыстың қамын жаз ойла» демекші, «тамақ ішіп болған соң, қанша салмақ қосар екенмін?» деп ойланыңыз. Сол үшін есеппен ішіңіз. Азық-түліктердің калориясы туралы кестелерге қарап жүріңіз.
Өз тәбетіңізді өзіңіз тежейсіз
Кеше жеген асыңызды жазып отырыңыз. Жұмысқа бара жатқанда жеген шоколад, астан кейін қорыту үшін шайнаған сағыз – бәрін тізіп жазып отырыңыз. Бір сағыздың өзінде 9 калория бар. Ал сағыз қорабында 10 түйір болады деп есептесек, сіздің ағзаңызға аптасына, кемінде, 90 калория жайғасты. Күнделікке бәрін жазып отырсаңыз, мөлшеріне қарап өзіңіз ұялатын боласыз.
Сізге ненің жақпайтынын аңғарасыз
Ағзаңызда бір өзгерістің барын байқаған соң, мәзіріңіздегі қателіктерді түсінетін боласыз. Өзіңізге жақпайтын тағамдарды алмауға тырысасыз.
Аптасына 2-3 рет таңғы асқа бірдей тамақ ішсеңіз, калорияны санауға оңайға соғады. Калорияны есептеп отырып, бір аптаға қанша салмақ қосқаныңызды не қаншаға азғаныңызды байқайсыз.