Күнде қолдануға болмайтын күтім құралдары

Нәзік жандылардың көпшілігі дүкен сөресіндегі түрлі күтім құралдарына қызығып, оларды сатып ала береді. Ойламаған жерден жаңа өнім алуға маркетингтің барлық ережесімен түсірілген жарнамалар мен әлеуметтік желідегі танымалдардың ұсынысы әсер етпей қоймайды. Кей әйелдер күтім құралдарының көптігінен немесе оларды жақсылап ойланып алмағандықтан қай өнімді қай уақытта және қаншалықты жиі қолдану керегін білмей, терісін зақымдап алады. Назарларыңызға күнде қолдануға болмайтын күтім құралдарын ұсынамыз.

Скраб

Скрабтар бет терісін тазарту үшін қолданылады. Алайда пилинг-құралдарды қолдану жиілігіне қойылатын нақты шектеулер бар. Мысалы, скрабты күнде қолдану ұсынылмайды. Скрабтың ішінде бет терісін тазартуға көмектесетін түйіршіктер болады. Егер ол түйіршіктер ірі болса, ондай скрабты өте сирек қолдануға тырысыңыз. Скрабты жиі қолдану терінің қорғаныш қызметін төмендетеді. Егер теріңіз құрғақ әрі сезімтал болса, скраб оны қызартып, тіпті, зақымдап жіберуі әбден мүмкін. Ұсақ түйіршікті жұмсақ скрабтарды аптасына 1 рет немесе екі аптада 1 рет қолдану жеткілікті.

Балшықтан жасалатын маска

Мұндай маска майлы теріге жақсы келеді. Себебі ол теріні сәл құрғатып, бітеліп қалған тесіктерді тазарта алады. Бірақ оны жиі қолдану теріні қатты құрғатып, жағымсыз зақымдардың пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Егер теріңіз майлы болса, балшықтан жасалған масканы аптасына бір рет қолдану, ал басқа типті теріге одан да сирек пайдалану ұсынылады.

SOS-құрал

Безеулерді кетіретін SOS-құралдар күнде қолдануға арналмаған. Себебі мұндай құралдар безеуді емдемейді, тек уақытша жасырады. Сондықтан оны безеуді жасыру өте қажет болған кезде ғана пайдаланған жөн.

Бетіңіздегі бөртпе нені білдіреді?

Көзге арналған патчи

Патчи ауа жібермейтін материалдан жасалады. Сондықтан оны жабыстырған кезде теріде "жылыжай" (парниковый) әсері пайда болады. Нәтижесінде, тіндер ісініп, әлсіз әжімдер визуалды түрде тегістеледі. Алайда мұндай әсер тек бірнеше сағатқа созылатынын айта кету керек. Сондықтан бұл өнімге де уақытша әсер беретін немесе жылдам әсер беретін бір реттік құралға секілді қарау керек. Оны күнде қолданбай, патчидің орнына көз айналасына арналған арнайы кремдер мен сарысуларды уақытылы пайдалану қажет.