Күнделікті әртүрлі дыбыстарды құлағымыздың көмегімен естісек те, оларға қалай дұрыс күтім жасау керектігін білмейміз. Бұл — денеміздегі маңызды мүшелердің бірі. Дыбыссыз әлем біз ойлағаннан да өзгеше. Сол себепті құлағы естімейтін жандар оның қадірін біледі. Олай болса, төмендегі құлақ күтіміне байланысты бірнеше кеңесті оқып, олардың өзіңізге ұзақ жыл қызмет жасауына жағдай жасаңыз. Аталған кеңестерді дұрыс жүзеге асыру арқылы дәрігерлерге барудың да қажеті болмайды.
1. Мақта таяқшаларын пайдаланбаңыз
Біріншіден, құлық құлақтың жарғағын түрлі инфекция мен жарақат алудан сақтайды. Дені сау адамның құлағында міндетті түрде құлығы болады. Ал біздер мақта таяқшаларын пайдаланған кезде құлықты дабыл жарғағына қарай итереміз. Нәтижесінде есту қабілеті нашарлайды.
2. Табиғи майларды пайдаланыңыз
Егер құлақ ішінде құлықтың көбейіп қалғанын байқасаңыз, оны табиғи майлардың көмегімен тазартып көріңіз. Ол үшін майға шыланған мақта тығынын құлақ ішінде 10-20 минутқа қалдырыңыз. Бұл рәсімді аптасына бір рет жасау жеткілікті.
3. Дәрігерге барыңыз
Әрине, нағыз маманның көмегі қашан да болсын қажет. Олар уақыт өте келе құлақ өзегін тазартып, арнайы рәсімдер жасасын.
4. Зияны тимейтін құлаққаптарды пайдаланыңыз
Егер есту қабілетіңіздің жақсы болғанын қаласаңыз, құлақ жарғағына дейін жететін құлаққаптарды таңдамаған жөн. Аталған аксессуар құлықтың көп бөлінуіне жағдай жасайды. Артынша оның барлығы қатып қалады. Сондықтан құлақты толықтай жауып тұратын құлаққап сатып алу керек. Немесе екеуін кезектестіріп қолдануға болады.
Есте сақтау қабілетіңізді жастайыңыздан қорғаңыз!
Сурет: rumbur.ru