Көп жағдайда қыздарға құжатқа арнап түскен суреті ұнамай жатады. Сурет сәтті шығу үшін бірнеше кеңес ұсынамыз. 1. ТеріБірінші ереже: ешқандай жылтыр текстура болмау керек. Олар бетіңізге қажет емес көлем береді және көзіңізді кішірейтеді. Бетіңіз жылтырамас үшін тональді кремнің сыртынан опа жағыңыз.2. Қас пен кірпікҚаншалықты қою болса, соншалықты жақсы: суретте қас пен кірпік желінеді, сондықтан ұялмай, қасыңызды жалпақ әрі қою түсті етіп бояй берсеңіз болады. Көзіңізді қара сүрмемен сызып, тушьті да аямай жаға беріңіз.3. ЕрінСізді күңгірт (матовый) ерін далабы құтқарады. Қанық, бірақ табиғи ерніңізге жақын түсін таңдаңыз. Суретке түсерде нюд реңкін жақпаңыз.4. ЕңкеюИегіңізді аздап түсіріңіз. Иә, әдетте суретке түсіруші оны көтеруді сұрайды. Бірақ иекті аздап төмен түсірген кезде беттің төменгі жағы аздап кішірейіп, бетіңіз арық болып көрінеді.5. БұрылысӨзіңіздің ұтымды жағыңызбен кішкене ғана бұрылыңыз. Яғни, оны аз ғана алға шығарыңыз.6. КүлімдеуӘдетте, суретке күліп түскендіктен, көз қысылады, бет жоғары көтеріледі және ерніңіз ашылады. Құжатқа ондай сурет жарамайды, бірақ жай жымию суретіңізге сән береді. Барынша табиғи жымиюға тырысыңыз.