Әрбір ару кірпігінің қалың әрі ұзын болғанын қалайды. Себебі көз – адам жанының айнасы. Назарларыңызға кірпікті қалыңдататын үш рецепт ұсынамыз.
1-әдіс. Кірпікті мықты етіп, нәрлендіреді.
1 ас қасық майсана майы, 1 шай қасық алоэ шырыны, 4 тамшы Е дәрумені мен 2 тамшы А дәруменін араластырып, кірпікке арнайы щеткамен жағамыз.
2-әдіс. Кірпікті дәрумендермен нәрлендіреді.
1 шай қасық балық майы, 3 тамшы Е дәрумені мен 3 тамшы зәйтүн майын араластырып, кірпікке жағыңыз. Мұны 1 ай бойы жасап тұру керек.
3-әдіс. Кірпікті қалыңдатып, өсіреді.
1 шай қасық коньяк, 1 шай қасық ошаған майы мен вазелинді араластырып, кірпікке жағыңыз.
Ал сіз қандай әдісті білесіз?