- Негізгі бет
- Сымбат
- Кірпік күтімі...
Кірпік күтімі
Бұралған кірпікті ару - сұлулық эталоны. Ұзын кірпік тек заманауи тушь пен кірпік өсіру дауасының нәтижесі бола ала ма? Табиғи заттардың көмегімен кірпіктерді қалай ұзартса болады?
Мақсатыңыз кірпігіңізді ұзарту болса, бастысы оның саулығын қамтамасыз етіңіз. Бұл үшін күнделікті кешке көзден макияжды арнайы сұйықтықпен сүртіңіз. Көзіңізді қарапайым сабынмен жумаңыз - бұл онсыз да құрғақ көз терісін кұрғатады. Суда тұрақты тушь қолдансаңыз, оны кетіргенде де арнайы суға тұрақты макияжды өшіруге арналған сұйықтық қолданыңыз.
Түймедағы компресстерін жасауды әдетке айналдырыңыз. Бұл көз терісінің қозуын тыныштандыратын антисептикалық дауа. Мақтаны түймедағы қайнатпасына матырып, 20 минутқа көзіңізге қойыңыз. Сондай-ақ жалбыз, қара шәй, басқа да емдік шөптерді қолднаса болады.
Кірпіктерді табиғи майлармен қоректендіруге болады. Күнделікті майларды қолдансаңыз, кірпіктің қалпына келу процессі бірнеше апта уақытты алса да, әсері байқалмай қоймас. Бір майды не бірнеше майды араластырып маска жасасаңыз болады. Кәдімгі сұйық майға А, Е дәрумендері бар кез келген майды қосуға болады. Майды жаққышқа жағып, артығын ағызып, кірпікке жұқа қабатпен жағыңыз.
Сондай-ақ емдік қасиеттері бар шөп тер негізінде жасалынған маска қолдансаңыз болады. Шәй қасық кастор майына түймедағы мен қырмызы экстракттарын қосып, араластырыңыз. Масканы кірпікке жағыңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: krasimglaza.com
С. А