Көзге көлем беретін кеңестер

Көз - адамның айнасы. Келбетті келісті етіп, ажарды ашатын ботадай көз кімге болса да ұнары хақ. Тек табиғат әр адамға әр түрлі формада көз береді. Кішкентай көзді арулар көздерінің үлкен көрінгенін қаласа, төменге назар салуына болады. 

Көз формасын үлкейту үшін қалай бояну керек?

Ең алдымен қасыңызға күтім жасаңыз


Көзіңіздің үлкен болып көрінгенін қаласаңыз, қасыңызға көп мән беріңіз. Оны үнемі мұқият жұлып тұрыңыз. Жұлынбаған қас онсыз да кішкентай жанарыңызды қайта кішірейтіп жіберуі мүмкін. Қалың қастың сізге еш қажеті жоқ.

Көздің үсті жағын қара бояумен (тень) бояңыз.

Бұл қарапайым әрі ұтымды кеңес. Қабақ үстіне көз формасынан үлкейтіп қара бояу жағып қойыңыз. Осы арқылы да көзіңіздің формасын үлкейтуге әбден болады.

Қастың астына жарқын түсті көз бояуын жағыңыз

Көз формасын үлкейту үшін перламутрлы көз бояуын қолданыңыз. Бұл әдіс көзіңіздің кішкентай екенін білдірмейді.

Қабағыңыздың үстіне қара сызық (стрелка) салыңыз

Көздің ұзындығынан сәл асырып, қабағыңыздың үстінен жіңішке етіп қара сызық салыңыз. Ал егер қабағыңыз болмаса, сәл көлемді қылып салсаңыз, әдемі болып көрінбек.

Көздің асты мен үстіне қара қалам пайдаланыңыз

Тек шектен шығып кетпеңіз. Қара қалам сызығының түсі қатты қанық болып кетпесін.

Кірпік бояуды да ұмытпаңыз

Ұзын кірпік көзіңізге аз болса да, көлем береді. Бар кірпігіңізді арнайы бояумен ұзартып алсаңыз, жанарыңыз нұрланып тұрады. Ал егер кірпігіңіз қысқа болса, жасанды кірпік пайдаланыңыз. Тек жасанды кірпікпен көпке дейін жүрмеңіз.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: klassnaya.com, stylishmambyvik.beon.ru