- Негізгі бет
- Сымбат
- Көзді күтуге кеңес...
Көзді күтуге кеңес
Адам ағзаларының ішіндегі ең сезімтал мүше – көз. Көз арнайы ұяшықта орналасқан. Барлық мүшелер секілді көзге де тыныштық керек. Оның күтімі ерекше. Өте сезімтал жасушалардан тұратындықтан, түрлі инфекциялар жұғып кетуі мүмкін. Арнайы сіздер үшін көз күтімінің жаттығуларын ұсынамыз.
1. Көзді жұмып, алма-кезек жоғары-төмен қара. Бұл қимылды 8 рет қайталаған жөн.
2. 30 секунд алдыңа қарап,көзіңді жылдамдықпен ашып-жұм. Соңынан 30 секунд қозғалыссыз отыр. Бұл жаттығуды 3 рет қайталау керек.
3. Рим цифры бойынша V санын көз алдымызға елестетіп, соның бойымен жаттығу жасау керек. 7-8 рет қайталаған жөн.
4. Егер көздерің шаршап, ісініп кетсе, шай қасықты тоңазытқышта суытып алып, 2 минуттай қабаққа басу қажет. шаршағанды бірден басады.
5. 1 шай ас қасық тұзды суға салып,араластырып, әр көзге 2-3 тамшыдан тамызу керек.
6. Таза мақталарды ыстық немес суық тұнбаларға салып, көзге 10 минуттай басып отырған жөн.
7. Көз бен бұлшық еттері үшін сәлбен қайнатпасының да маңызы зор.
Осы жаттығуларды күнделікті орындайтын болсаңыз, түстерді ажырату, қалыпты көру үдерістеріңіз бұзылмайды.
Ә. Жутаева