- Негізгі бет
- Сымбат
- Көз бояйтын қарындаш...
Көз бояйтын қарындаш таңдау
Тартымды макияж көз бояйтын қарындашсыз мүмкін емес. Ал оны көз түсі мен пішініне сай таңдау керек.
Қара қарындаш
Қара - әмбебап түс. Ол қабақ бояуы мен далаптың кез келген түсімен үйлеседі. Оның көмегімен көз пішінін келтіріп, өзгертсе болады. Тек көз бояу сырларын білсеңіз болды. Мысалы, көздің астынан сызылған қара сызық көзді кішірейтіп көрсетеді. Ал қабағыңыз "ауыр" болса, көздің үстінен қара қарындашпен сызбаңыз.
Қоңыр қарындаш
Көзді сызып, "стрелка" не smoky eyes жасасаңыз болады. Визажист мамандар тіпті мынандай макияж ұсынады: көздің үстін қара қарындаш пен қара тушьпен, көздің астын қоңыр қарындаш пен қоңыр тушьпен бояңыз. Осылайша көзіңіз ерекше көрінеді.
Ақ қарындаш
Ақ қарындаш макияжға өте пайдалы зат. Оны көздің астына ішінен не бұрышқа жағып, көзді "ашуға" болады. Сондай-ақ ақ қарындашты еріннен сәл жоғары жағып, саусақпен көрінбейтіндей қылыңыз. Осылайша ерніңіз томпақ көрінеді.
Түрлі-түсті қарындаштар
Келбетіңізді жандандырып, ойнақы қыламын десеңіз, түрлі-түсті қарындаштар қолданып көріңіз. Ақшыл, шаштары сарылау қыздарға жасыл, көгілдір түстер, қара торы қыздарға көк, қоңыр, сұр түстер, шаштары қара аппақ қыздарға қара, күлгін түс ерекше жарасады.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: resnicy.com
С. А