- Негізгі бет
- Сымбат
- Косметолог маманға қай...
Косметолог маманға қай кезде бару керек?
Терімізге дұрыс күтім жасай білсек, сұлулық пен жастықты ұзағырақ сақтауға болатынын бәріміз білеміз, алайда дұрыс күтім деген не екенін барлығымыз бірдей білмеуіміз мүмкін.
Адам терісі ең маңызды ағзалардың бірі саналады. Кез келген жастағы адам терісінің сыртқы көрінісі ішкі жан дүниесінен хабар береді. Сол себептен косметолог көмегіне жасөспірім шақтан бастап жүгінген жөн.
Жасөспірімдік шақ көптеген балалар үшін қиын кезең, ол психиканың ерекшелігіне байланысты. Басқалармен қарым-қатынасы терісінің жағдайына да әсер етеді. Бұл жаста тәжірибелі косметолог маман жасөспірімге терісінің түрі мен жағдайына қарай қандай күтім жасау керегі жөнінде кеңес береді. Әйтпесе көптеген балалар бетіне қаптап кеткен безеумен алысамын деп, бет терісін өмір бойына қалпына келмейтіндей не қалпына келуі қиын болатындай бүлдіріп алып жататын жағдайлар жиі кездеседі. Ал шыққан безеумен ісіңіз болмай, жайына қалдырсаңыз, уақыт өте келе өзі шыққан безеу өзі кетіп қалады. Басқа жағдайда маман көмегіне жүгінуге тура келеді.
20 жастан кейін де косметологке барудың артықшылығы жоқ. Егер терінің жай-күйінде өзгеріс болса не үйде жасаған күтіміңіз өзгеше әсер берсе, басқа да ерекшеліктерді байқасаңыз уақыт өткізбей маман алдына барыңыз. Ол сіздің теріңізге терең тазалау рәсімін жүргізіп, қоршаған ортадағы зиянды факторлардан қорғануға көмектеседі.
25 жастан кейін өзіңіз-ақ косметологке бара бергіңіз келеді. Себебі бұл жаста теріде қарттықтың алғашқы белгілері көріне бастауы мүмкін. Алғашқы мимикалық әжімдер пайда болып, терінің сіңіргіштігі тереңдей түседі. Егер тері құрғақ болса әсіресе күз-қыс мезгілдерінде жағдайы нашарлай бастайды, ал майлы болса үйде жасаған күтіміңіз дұрыс болмай шықса, одан сайын жағдайды ушықтыра түсесіз.
Тәжірибелі маман көмегіне жүгінсеңіз, ол сізге жас ұлғайған сайын пайда болатын өзгерістермен күресудің жолын айтады. Әжімдердің көбеймеуіне қарсы тұратын құралдар арқылы теріңізді жақсартып береді.
Кәсіби процедуралармен қатар бетке массаж жасау да артық етпейді, лимфодренаж бетте пайда болатын ісіктің алдын алады, микроциркуляцияны жақсартып, бұлшықеттің гипертонусын азайтады. Бұл жаста ең дұрысы косметологке айына 2-3 рет бару.
30-35 жастан асқанда жас ұлғайған сайын терінің жағдайына байланысты процедура мен массажды кезек қабылдап тұру қажет. Аптасына бір рет немесе бір апта массажға, бір апта процедураға бару. Мерзімдік пиллингке әртүрлі аппараттар да қосылады. Электротоки, микродермабразия, криотерапия, фотожасарту, термолифтинг, ботулинотерапия, биоревитализация, мезотерапия, контурлық пластика – осының қайсысы сіздің теріңізге сай екенін анықтап, мамандар теріңіздегі өзгерістерді қалпына келтіреді. Әр әйелге өзіне тән микроэлементтер мен дәрумендерге толы диетасы тағайындалады. Терісінің жайын ойласа, кей тағамдардан бас тартуға да тура келеді.
45 жастан кейін әйел адамның бойында көптеген гормонық өзгерістер түзіледі. Бұл шақта аптасына бір рет косметолог алдынан өтіп, гинеколог және эндокринолог мамандармен де қатар жұмыс істесе нұр үстіне нұр болар.
@. @assel_assanova