Косметикалық құралдардың қолданысы

Косметикалық құралдардың қолданысы

Крем, сусабын сынды косметикалық құралдардың тура қолданысы баршамызға белгілі. Алайда оларды басқаша да қолдануға әбден болатындығын білесіздер ме?

Сусабын

Сусабындардың жақсы көбіктенуі оны ваннаға арналған көбік ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ арнайы кір ұнтағы болмаған кездері сусабынмен нәзік матадан тігілген киімдерді жууға болады (бірақ артынан ұзақ шаю керек).

Шашқа арналған бальзам

Қырынуға арналған гельдің орнына қолдануға болады.

Бетке және денеге арналған крем

Кез келген былғары бұйымдарды: сөмке, әмиян, тіпті аяқ киімдерді жақсы тазалап, жылтыратады. Арнайы май болмағанда шаштың ұштарына жағуға болады.

Бояу кетіретін лосьон

Киімге жағылып қалған реңк беруші крем не далаптан қалған дақтарды оңайлықпен кетіреді. Сондай-ақ шаш бояған кезде бетке жағылып қалған бояуды кетіре аласыз.

Қырынғаннан кейін жағатын гель

Мұндай гельді ұшық пен безеулерге жағуға болады: ол ұшықты құрғатып, залалсыздандырады.

Әтір

Әтірді киім сөресіне жартылай ашып қойсаңыз, киімдеріңізден жағымды иіс шығып тұрады.

Гигиеналық бальзам-далап

Мұндай түссіз далапты қасыңызға жағып, пішінін келтіруге болады. Сонымен қатар тырнақтың маңындағы қатқан теріні гигиеналық бальзаммен жібіте аласыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

С. А