Косметикаға жедел жәрдем

Сүйікті косметиканыңызды бүлдіріп қойдыңыз ба? Уайымдамаңыз, ақауды оңайлықпен түзесе болады.

Тырнаққа арналған лак

Тырнақ бояйтын лак қатып қалып, сауыты ашылмай жатса, оны ыстық су құйылған ыдысқа малып қойыңыз. Лак жылып, еріп, оңайлықпен ашылады.

Далап

Далапты байқамай сындырып жіберсеңіз, сабын тазалап, кішкентай сауытқа салып қыздырыңыз. Далап еріп, сауыттың пішініне келеді. Кейін бұл далапты саусақпен не жаққышпен жақсаңыз болады.

Көз бояуы не еңлік

Егер көз бояуы не еңлікті құлатып алып, жарсаңыз, үлкен бөліктерін тазартып, ұнтақтап жіберіңіз. Кейін бұны ұтақталған көз бояу не еңлік ретінде қолдана аласыз. 

Парфюм 

Жиі жағдайда әтір не иіссудың шашқышы басылмай сынып қалып жатады. Бұндай жағдайда басқа шашқышты кигізіп көріңіз, немесе әтірді басқа, таза сауытқа құйып алса болады. 

Қарындаш 

Сүйікті көзге не ерінге арналған қарындашыңыз кішірейіп, жағуға ыңғайсыз болып, не қайта-қайта сына берсе, оның сабын ұнтақтап, вазелин не ерінге арналған бальзамға қосып жіберіңіз. Оны крем тектес көзге не ерінге арналған бояу ретінде қолдануға болады.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер:cosmo.com.ua