"Сұлулықтың құрбаны" болмау үшін косметика сатып алу барысында оның құрамына назар аудару керек. Сондықтан бұған қатысты пайдалы кеңестерді ұсынамыз.
1. Кірпікке арналған сүрме таңдауда "Fiber free" жазуының жоқ болуына назар аударыңыз. Көптеген сүрмелерге кірпікті ұзартып, көлемдірек ету үшін арнайы талшықтарды қосады. Ол талшықтар сүрменің түйіршіктеніп қалуына және кірпікті "ауырлатуына" әсер етеді. Сонымен қатар бұл талшықтар көзге түссе, көздің шырышты қабығын тітіркендіреді.
2. Тоналды крем таңдау кезінде "Oil free" жазбасының барын іздеңіз. Мұндай кремдер бетті майлы етпей, күні бойы түсін өзгертпей тұрады.
3. Mineral Oil (heavy and light) мұнайдан жасалады. Мұндай жазуы бар косметика құралы терінің еркін демалуына мұрша бермей, бар оттегіні өзіне сіңіреді. Ұсақ тесіктерді де бітеп тастайды. Мұндай крем терінің ісінуіне апаруы мүмкін.
4. "Talc free" жазуы бар опа қауіпсіз саналады. Тальканы магнезия силикатынан жасайды. Ол өте қауіпті әрі улы болып келеді.
5. "Tallow (animal fat)" жазуы бар косметиканың құрамында аңдардың майы болады. Ал олар өз алдына бактериялардың пайда болуына әсер етеді.
6. "Paraben free" косметика нарығында консервант ретінде пайдаланылады. Оның сауда атаулары: butyl, ethyl, germa, methyl, propyl paraben. Парабен дерматит пен аллергияның пайда болуына себепші. Тіпті кеуде ісігіне де апарып соғуы мүмкін.
7. Заманауи қауіпсіз косметиканың құрамында гликоль (Glycols), глютен (Glueen) және бентонит (Bentonite) секілді химикаттар болмауы тиіс. Сондай-ақ құрамында силикон жоқ (silicone free) косметиканы таңдау керек. Жоғарыда аталған химикаттар шашқа арналған және декоративті, сәндік косметика жасауда қолданылады. Шашыңызды қорғау үшін құрамында силикон 50 пайыздан аз болатын косметиканы таңдаңыз.
Ұқсас жазбалар:
Сүрмені қалай таңдаймыз?
Косметика жайлы қызықты фактілер