- Негізгі бет
- Сымбат
- Көшеден тамақтанғанда артық...
Көшеден тамақтанғанда артық салмақ қосып алмау үшін
Әдетте мейрамхана не кафеден, фаст фуд орталықтарынан тамақтанамын деп көп адам артық салмақ жинап алады. Оған бәріміз білетін америкалықтар дәлел. Ал қоғамдық тамақтану орындарынан азықтана отырып, қалай салмақ қоспауға болады?
Құрамында сыр мен кілегей бар тұздықтан, соустан бас тартыңыз. Олар тұнып тұрған май әрі құнарлылығы тым жоғары.
Ақуыз қосыңыз. Балықтан не тауық етінен жасалған салат сұраңыз. Бірақ балық еті консервіленген, майсыз болсын.
Бифштекске (қақтап қуырылған кесек ет) тапсырыс беріңіз, оны да тұздықсыз алыңыз. Негізінен, сыр қосылған бифштекс орнын балық не тауық еті баса алады.
Жейтін азығыңыздың мөлшеріне мән беріңіз. Филе (балық еті) майсыз екен деп, бірден 200 грамм жеп алуға болмайды. Ортасынан бөліп, даяшыдан жартысын орап беруді сұраңыз. Қалғанын көкөніспен қосып жеңіз.
Пайдалы нан таңдаңыз. Subway не Ruby Tuesday деген түрлеріне тапсырыс беріңіз. Тортилья (жүгері және бидай жармасынан жасалатын жұқа нан) алып, ағзаңызды жасұнықпен қамтамасыз етіңіз.
Өз рецебіңізді ұсынуға ұялмаңыз. Картоп езбесінің орнына көкөністен жасалған ас, қуырылған картоп орнына қайнаған картоп сұраңыз. Салаттың тұздығын бөлек әкелуін өтініңіз.
@. @assel_assanova