- Негізгі бет
- Сымбат
- Қорқыныштың иісі болатынын...
Қорқыныштың иісі болатынын білесіз бе?
Қорқыныш жұмбақ сигналдардың қатарына жатады. Ғалымдар махаббаттың, қорқыныштың, ыза мен кектің, алаңдаушылықтың молекулаларын тапқан екен.
Әр нәрсеге тән иіс болғанымен, негативті эмоциялардың иісі бірдей шығады. Мысалы, егер көп адамның арасында біреуі ғана қорқып тұрса, онда алаңдаудың қажеті болмайды. Ал егер жиналған шаршы топ қорқып тұрған болса, қауіп-қатердің төніп тұрғаны. Соңғы жағдай әдетте дүрбелеңге алып келеді.
Махаббат та осы секілді. Ғалымдар бізге бір-біріне генетикалық туыстығы бар хош иістер ұнайтындығын дәлелдеді. Әке мен бала, ана мен бала иістері өзара бір-біріне қатты ұқсайды. Осы секілді ер адамның мұрны өзіне ұнайтын әйелдің иісін бірден сезеді. Сондықтан жаңа иіссуыңызды сүйіктіңізге таңдатуыңызға болады.
Сурет: Карла Нур
Қ. Бүйенбай