Корей аруларының бет тазалаудағы 10 қадамы

Корей аруларының бет тазалаудағы 10 қадамы

Корей әйелдерінің тап-таза бет терісін көргенде таң қалған шығарсыз. Иә, олар жүздерінің аршыған жұмыртқадай аппақ болуы үшін ақшаны да, уақытын да аямайды. Назарларыңызға АҚШ-та корей косметикалық өнімдерін сататын дүкендер желісінің негізін салушы Шарлотта Чоның корейше бетті дұрыс тазалау туралы кеңесін ұсынамыз.  

1 қадам: Дайындық және алдын ала тазарту

 

Innisfree Olive Real тазартқыш сулығы – 1274 тг; The Faceshop Rice Water Cleansing жеңіл майы – 2365 тг

Бет тазартудың бірінші бөлігі беттегі ВВ крем мен еңлікті, көз макияжын дымқыл сулықпен кетіруден тұрады. Одан кейін жұмсартылған тазартатын маймен беттегі кір мен бактерияларды сүртіп, жылы сумен жуады.

2 қадам: Екінші қайтара тазалау

 

Skinfood Aloe Vera тазартқыш құралы – 1820 тг

Корей әйелдерінің ойынша, бетті мұқият тазалағанда ғана аппақ, мінсіз теріге ие боласың. Сондықтан бетті көпіршікті құралмен тағы бір рет жуу керек. «Бұл құралмен бетіңізді бірден сүртпеңіз, саусақтарыңызды айналдыра, жаймен жағыңыз» - дейді Шарлотта.

3 қадам: Қабыршақтанудан тазарту

 

Skinfood Black Sugar жуыну құралы – 1820 тг

Адам бетінде өлген жасушалар болатындықтан, тері қабыршақтанады. Бірақ қабыршақтанудан тазартуды күн сайын істеу дұрыс емес және беттің сондай аймақтарын ғана тазалау қажет. Мысалы, жақ, мұрын айналасы.

4 қадам: Арнайы сұйықтықпен сүрту

 

TonyMoly Floria Nutra Energy сұйықтығы – 3460 тг

Бет сүртетін арнайы сұйықтық бетті алдыңғы 3 қадамнан қалған қалдықтардан тазартады. Сонымен бірге, бетті тыныштандырып, рН балансын қалпына келтіреді.

5 қадам. Мұқият тазалау – маңызды нәрсе

 

Missha First Treatment бетке арналған негізі – 3460 тг

Екі рет тазалаумен қатар, бетті құнарландыратын сұйықтықтың болуы маңызды. Бұл құрал тері жасушаларының жаңаруына, терінің серпімді әрі жарқын болуына әсер етеді.

6 қадам. Ампула енгізу

 

Missha Time Revolution Night Repair Activator Ампуласы – 7645 тг

Ампуланың әр тамшысы қартаю, тері серпімділігің жоғалуы сияқты кез келген мәселені шешеді.

7 қадам. Массаж бен маска жасау.

 

Etude House Collagen көзге арналған маскасы – 910 тг; TonyMoly Kiss Kiss Lovely ерінге арналған маскасы – 730 тг

Демалыс күндері 5 минут массаж жасаңыз. Бұл бет терісіндегі қан айналымды жақсартады. Сонымен қатар көз айналасы мен ерінге арналған парақ тәрізді маскаларды қолдану керек. Кореяда мұндай маскалар өте танымал.

8 қадам: Көзге арналған кремдерді жағу

 

Innisfree Eco-science көзге арналған кремі – 5500 тг

Көз айналасының терісі өте нәзік. Сондықтан саусақпен кремді жағарда жай ғана үстінен басыңыз.

9 қадам: Ылғалдандыру

 

Etude House Collagen Moistfull эмульсиясы – 3 276 тг

Бет тазалаудағы алдыңғы қадамдар есіңізде ме? Барлығында терінің ылғал күйі сақталуы басты назарда. Теріңіз барынша ылғалды болу үшін, эмульсияны жеңіл массаждық қимылдармен жағыңыз. Мойын терісін де ұмытпаңыз.

10 қадам: Түнгі кремді қалың етіп жағу

 

Waterfull Timeless Ылғалдандырушы кремі – 13 830 тг

Барлық қадамды жасап шыққаннан кейін ең соңғысы түнгі кремді жағу. Кремді қалың етіп жақсаңыз, теріңіз түні бойына ылғал күйін сақтайтынын есте ұстаңыз. 

  

 Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: elle.com

Оқи отырыңыз:

Азия аруларының сұлулық сырлары

Бет жууға арналған құралдарды қалай таңдау керек?

Бет терісінің өңін мінсіз ету үшін...

Күнделікті бет күтімінің 10 ережесі

Y. Smaghul